Атырау, 26 сәуір 07:23
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

ТШО тағы да Қазақстандағы ең тартымды жұмыс беруші боп танылды

PR
22 963 просмотра

Әлемнің 34 елінде жүргізілетін беделді Randstad Employer Brand Research халықаралық зерттеуіне сәйкес, «Теңізшевройл» компаниясы екінші жыл қатарынан Қазақстандағы ең тартымды жұмыс беруші деп танылып отыр.

- REBR зерттеуінің ТШО-ны ең тартымды жұмыс беруші ретінде атағаны біз үшін қуанарлық жайт. Компанияның жоғары бәсекелі нарықта ұзақ уақыт бойы жетістікте қалуына, дарындыларды жұмысқа тартып, олардың сол компанияда қалуына ықпал ететін жұмыс берушінің бренді де маңызды. Ал бұл марапатқа жету жолында шынымен де көп күш-жігер мен қаражат жұмсалды. Адамдар біздің ең құнды ресурсымыз, сондықтан біз өз қызметкерлеріміздің әлеуетін дамытуға, салауатты корпоративті мәдениетті сақтауға инвестиция саламыз, сондай-ақ қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеміз, - деп атап өтті ТШО-ның адам ресурстары басқармасының бас менеджері Кәмшат БАЙЖАНОВА.

2020 жылдың аяғында ТШО-ның негізгі өндірісінде штаттағы қазақстандық жұмысшылар үлесі 92%, ал ТШО-ның негізгі өндірісіндегі қазақстандық басшылардың үлесі басқарушы құрамның жалпы санының 85%-ын құрады. ТШО-ның ынтымақты командасында 25-тен астам ұлт өкілдері еңбек етеді.

Еңбек нарығында ТШО-ны тартымды компания ететін фактор көп. Соның ішінде, жұмысқа қабылдау процесінің ашықтығы, лайықты жалақы, әлеуметтік қорғау, мансаптық, тұлғалық даму мүмкіндіктері және т.б. Кеңейтілген іс-шаралар тізімін қамтитын бейімдеу бағдарламасы жаңадан келген қызметкерлердің ұжыммен біте қайнасып кетуіне көмектеседі.

ТШО-да жас мамандардың дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Компанияға жұмысқа қабылданған техникалық жоғары оқу орындарының түлектері мен жас мамандар қатысатын «Horizons» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. ТШО-да жұмыс істеп жүріп, ағылшын тілін меңгеру деңгейін көтеруге болады, бұл компания қызметкерлерінің негізгі кәсіби дамудағы басымдықтарының бірі. Бұдан басқа, ТШО-да қазақ тілін үйренуге және қолдануға көп көңіл бөлінеді, бұл мемлекеттің үш тілділік стратегиясына және тілдерді дамыту мен қолдану бағдарламасына сай келеді.

Жоғары білікті персоналды дамыту мен қолдаудың іргелі аспектілерінің бірі - арнайы Бағдарлама арқылы жүзеге асырылатын көшбасшылық қасиеттерді дамыту. Оның құрылымына персоналдың әр санаты үшін арнайы әзірленген тренингтер кіреді.

Таланттарды басқару үдерісі аясында компания сабақтастықты жоспарлау, кадрларды ұлттандыру, шетелге тағайындау, ел ішіне тағайындау және ТШО бөлімдері арасындағы функцияаралық тағайындаулар сияқты бағыттарды қолдайды. Тек 2020 жылдың өзінде 350-ден астам қазақстандық маман шетелдік қызметкерлерді алмастырып, менеджерлер, орта буын басшылары позициясына және негізгі инженерлік-техникалық лауазымдарға тағайындалды.

Компания өз жұмысшыларына ғана емес, олардың отбасыларына да қамқорлық жасайды. Компания қызметкерлері баспана сатып алу үшін пайызсыз қарыз алуға құқылы. ТШО қызметкерлердің балалар демалысына және олардың біліміне жұмсайтын шығындарын өтейді, медициналық сақтандырумен қамтамасыз етеді және әлеуметтік пакетте басқа жеңілдіктер мен көптеген артықшылықтар ұсынады.

Бұдан басқа, ТШО арқасында 2010 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстанда 143 600-ден астам жұмыс орны құрылды, яғни, ТШО-дағы бір жұмыс орнына ел экономикасындағы тағы 39 жұмыс орны тура келеді. Олардың құрылуына біздің компания ықпал етті*.

* IHS Markit. Теңізшевройлдың Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға қосқан үлесі, 2010-2019 жж.

14 мамыр 2021, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.