Атырау, 25 желтоқсан 09:59
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Әлемде

Аргентина астанасында танго фестивалі өтуде Әлемде

Аргентина астанасында танго фестивалі өтуде

Аргентина астанасы Буэнос-Айреске әлемнің түкпір-түкпірінен танго биін ұнататындар жиналып жатыр. Өйткені, мұнда күні кеше танго фестивалі бастау алды. Екі аптаға созылатын би марафонының ашылу рәсімін «Үлкен секстет» атты әлемге әйгілі танго-оркестр бастап берді. 16 тамыз 2013, 16:51 2 410 рет қаралды
Египетте қаза тапқандар саны 578-ге жетті Әлемде

Египетте қаза тапқандар саны 578-ге жетті

Египеттің денсаулық сақтау министрлігі елдегі қақтығыстарда қаза тапқандар саны 578 адамға жеткенін хабарлады. Полицияның 14 тамызда биліктен тайдырылған ел президенті Мұхаммед Мурсидің жақтастарын күшпен таратуы кезінде үш жарым мыңнан астам адам жараланған. Мурсидің "Мұсылман бауырлар" партиясының өкілдері "қаза тапқандар саны министрлік дерегінен әлдеқайда көп" дейді. 15 тамызда ішкі істер министрлігі "полиция мемлекеттік мекемелерді кез-келген шабуылдан қорғау үшін оқ ататынын" мәлімдеген. Министрлік бұл ескертуін Мурси жақтастары Каирдегі Газни ауданы әкімдігін басып алып, ғимаратқа өрт қойғаннан кейін жасады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бейсенбіде Египеттегі жағдайға байланысты төтенше жиын өткізіп, үкіметті "барынша ұстамды болуға" және "бітімге келуге" шақырды. 3 шілдеде әскерилер Египет президенті Мұхаммед Мурсиді биліктен шеттеткен еді. Мурсидің жақтастары бір жарым айдан бері оның биліктен қуылғанына наразылық танытып, қарсылық акциясын өткізіп жатқан. Бейсенбіде полицияның әрекетіне наразылық акциялары Александрия мен Бени-Суэйф қалаларында да өтті. Бірақ шерушілер мен полиция қақтығысы болмаған. Бейсенбіде Мұхаммед Мурсиді қамау мерзімі тағы 30 күнге ұзартылды. Сәрсенбіде бері Египетте бір ай мерзімге төтенше жағдай жарияланған. 16 тамыз 2013, 09:25 1 526 рет қаралды
Египет үкіметі: Қаза тапқандар саны 278-ге жетті Әлемде

Египет үкіметі: Қаза тапқандар саны 278-ге жетті

Египет үкіметі 14 тамыз күні Каирде және елдің басқа да аймақтарында болған қақтығыстардан 235 тұрғынның қаза тапқанын хабарлады. Ішкі істер министрі Мұхаммед Ибрахимнің айтуынша, олардан өзге 43 полицей мерт болған.  15 тамыз 2013, 15:48 1 570 рет қаралды
Ангела Меркель сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті Әлемде

Ангела Меркель сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті

Ангела Меркель сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Германия канцлері оны ортағасырлық Зелигенштадт қаласында митингпен бастады. Митингке мыңға жуық қала тұрғыны жиналды, деп хабарлады YTPO.ru. 15 тамыз 2013, 14:37 1 594 рет қаралды
Ресей мен Әзербайжан ірі мұнай-газ келісімін жасасты Әлемде

Ресей мен Әзербайжан ірі мұнай-газ келісімін жасасты

Ресейлік "Роснефть" компаниясы мен Әзербайжанның мемлекеттік энергетикалық SOCAR компаниясы мұнай-газ саласында ынтымақтастық орнату туралы ірі келісім жасасты. Құжатқа Ресей президенті Владимир Путиннің Әзербайжанға ресми сапары барысында қол қойылды. Екі ел президенттері Баку қаласында, 13 тамыз күні кездесті. 14 тамыз 2013, 11:46 1 702 рет қаралды
Иранда тұңғыш рет әйел вице-президент болды Әлемде

Иранда тұңғыш рет әйел вице-президент болды

Иран Ислам Республикасының жаңа президенті нәзік жандылар өкілдеріне кең жол ашып отыр. Ел президентінің айтуынша, вице-президент болып тағайындалған Эльхам Аминадзе қажетті ғылыми білімдерге ие және заңнама саласында тәжірибелі. 14 тамыз 2013, 10:17 1 831 рет қаралды
90 жастағы желаяқ әже Әлемде

90 жастағы желаяқ әже

Мицу Морита есімді жапон қариясы әлем жұртын таң қалдырды. 90 жасқа келген әжей жүгірген кезде кәсіпқой спортшылардан еш кем түспейді. 100 метрлік қашықтықты ол 23,86 секундта бағындырып отыр. Әрине, ямайкалық Усейн Болттың жылдамдығы одан 2,5 есеге жылдам. Алайда, Усейн 27-де, ал әжейдің жасы 90-ды алқымдап қалған.  13 тамыз 2013, 16:37 2 531 рет қаралды
«Ютор» дауылы Қытайға жақындап келеді Әлемде

«Ютор» дауылы Қытайға жақындап келеді

Бүгін Қытайдың оңтүстігінде, Гонконг пен Макаода «Ютор» қуатты тынық мұхиты дауылының жақындауына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Қазіргі таңда ол Оңтүстік Қытай теңізінде, жағалаудан 440 шақырым жерде соғып тұр, деп хабарлады ИТАР-ТАСС жергілікті обсерваторияға сілтеме жасай отырып. 13 тамыз 2013, 13:07 4 602 рет қаралды
АҚШ есірткі саудалайтындар жазасын жеңілдетпек Әлемде

АҚШ есірткі саудалайтындар жазасын жеңілдетпек

12 тамызда АҚШ-тың әділет министрі Эрик Холдер есірткі саудасына қатысты ұсақ қылмыс жасағандарға тағайындалатын жазаны жеңілдетуге арналған реформалар жоспарымен таныстырды. Реформалардың мақсаты - түрмелердегі тұтқындар санын азайту. 13 тамыз 2013, 11:33 1 497 рет қаралды
Сноуденнің әкесіне Ресей визасы берілді Әлемде

Сноуденнің әкесіне Ресей визасы берілді

АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің әкесі Лон Сноуденге ұлын көруге Ресейге бару үшін виза берілді. Лон Сноуден мен оның отбасының адвокаты Брюс Фейн бұл туралы ABC телеарнасына берген сұхбатында айтты. 12 тамыз 2013, 16:46 1 555 рет қаралды
Венесуэлада ірі мұнай өңдеу зауыты отқа оранды Әлемде

Венесуэлада ірі мұнай өңдеу зауыты отқа оранды

Кариб жағалауындағы Пуэрто-ла-Крус қаласында ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірінде өрт болып, Венесуэла билігі оқиға орны маңындағы тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіре бастады. Бұл жөнінде Би-би-сидің орыс қызметі хабарлайды. 12 тамыз 2013, 11:50 4 308 рет қаралды
Қырғызстанның жоғарғы соты билікті тартып алмақ болған депутаттарды кінәлі деп тапты Әлемде

Қырғызстанның жоғарғы соты билікті тартып алмақ болған депутаттарды кінәлі деп тапты

Қырғызстанның жоғарғы соты «Ата-Жұрт» фракциясынан сайланған Жогорку Кенеш депутаттары Талант Мамытов, Қамшыбек Тәшиев, Садыр Жапаровты және үш оққағарды билікті күшпен тартып алмақ болғаны үшін кінәлі деп тапты. Қырғызстан Жоғарғы сотының алқасы үкімді өткен түні шығарды, деп хабарлады BNews.kz тілшісі. 7 тамыз 2013, 13:38 1 867 рет қаралды
Сирияда «Әл-Каида» ұйымының содырлары 450 күрдті өлтірді, арасында балалар да бар Әлемде

Сирияда «Әл-Каида» ұйымының содырлары 450 күрдті өлтірді, арасында балалар да бар

Сирияның солтүстік-шығысында «Әл-Каида» ұйымымен байланысты «Джебхат-ан-Нусра» исламшыл тобының содырлары кепілге алынған 450 күрдті өлтірді. Олардың қатарында 120 бала бар, қалғаны әйелдер мен қарттар, деп хабарлады PressTV иран телеарнасының сайтына сілтеме жасай отырып Newsru.com. 6 тамыз 2013, 15:54 2 615 рет қаралды
Әзірбайжан мен Түркия әскери күштерін біріктірмекші Әлемде

Әзірбайжан мен Түркия әскери күштерін біріктірмекші

Әзірбайжан мен Түркия бірыңғай әскер құру туралы шешім қабылдады, деп мәлім етті дүйсенбі күні Trend агенттігіне берген сұхбатында Әзірбайжан (парламенті) Мәжілісінің депутаты, қауіпсіздік пен қорғаныс жөніндегі парламент комитетінің мүшесі Захид Орудж.  6 тамыз 2013, 09:55 2 605 рет қаралды