Катар 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылып қалуы мүмкін. Бул туралы бүгін ФИФА-ның вице-президенті Джим Бойс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұған дейін ұлыбританиялық БАҚ ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті, қатарлық Мохаммед бин Хаммамның әлем біріншілігін Катарда өткізу үшін ФИФА өкілдеріне 5 миллион доллар аударғандығы туралы айтқан болатын.
Параны Африка футболының шенеуніктері алған. Одан бөлек Хаммам 1,6 миллион долларын ФИФА-ның Тринад және Табаго еліндегі өкілі Джек Уорнерге аударған. Бойстың айтуынша, егер бұл болжамдар шындыққа айналса, онда ол ФИФА-ның атқарушы директорлар кеңесіне 2022 жылғы әлем біріншілігін басқа елде өткізу туралы ұсыныс жасайды.
"Егер ФИФА-ның тергеу бөлімінің басшысы Майкл Гарсияның тексеруінде Қатардың қандай да бір заңсыздыққа жол бергенін анықтайтын болса, онда мен басқа қалада өткізу туралы ұсынысты қабылдаймын. ФИФА бұл мәселені қатты қарастырып жатыр", - дейді Бойс.
Дереккөз: tengrinews.kz