Қырғызстанның экономика министрі Темір Сариев. Ресей Қырғызстанға Кеден Одағына (КО) кіру үшін 1,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы беретін болды деді Қырғызстанның экономика министрі Темір Сариев. Оның айтуынша, қаржының 1 миллиард доллары Бішкекке несие ретінде, қалған 200 миллион доллары Қырғызстанның Кеден Одағына кіруінің "жол картасын" іске асыру үшін грант ретінде беріледі.
Қырғызстанынң Кеден Одағына кіруінің "Жол картасына" 29 мамырда Астанада Қырғызстан президенті мен Кеден Одағына мүше елдер (Ресей, Қазақстан және Беларусь) президенттері қол қойған еді.
29 мамырда Ресей, Қазақстан және Беларусь 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімге қол қойған.

Дереккөз: Азаттық радиосы
30 мамыр 2014, 17:30