Атырау, 24 қараша 12:45
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей мен Қытай БҰҰ-ның Сирия қарарына вето қойды

3 885 просмотра
Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин Сирия туралы қарарға қарсы дауыс беріп тұр. Нью-Йорк, 22 мамыр 2014 жыл. Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин Сирия туралы қарарға қарсы дауыс беріп тұр. Нью-Йорк, 22 мамыр 2014 жыл. Ресей мен Қытай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияда жасалған қылмыстарды "адамзатқа қарсы" және "әскери қылмыс" деп бағалап, Халықаралық сот қарауына жіберуді қарастыратын қарарына вето қойды.

Сирия президенті Башар Асадтың жақын одақтастары - Ресей мен Қытай осымен төртінші рет Сирия туралы қарарға вето қойып отыр.

Франция ұсынған қарар жобасында Сирияда соғысып жатқан үкімет әскері мен көтерілісшілер әрекеттерін қатар тексеру ұсынылған еді.

Батыс елдері Ресей мен Қытайдың бұл әрекетін айыптады. АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Саманта Пауэр "вето қою арқылы Мәскеу мен Пекин сириялықтардың әділеттілік табуға деген мүмкіндіктеріне тосқауыл жасады" деп мәлімдеді. 

Ресей өкілі Виталий Чуркин қарар жобасын "жарнама үшін жасалған айла-шарғы" деп атады.

Сирия президенті Башар Асад билігін құлатуға ұмтылған көтерілісшілер мен Сирия үкіметі әскері арасындағы қақтығыстар төртінші жылға ұласып барады. Осы уақыт ішінде қақтығыстардан 160 мыңнан астам адам мерт болып, миллиондаған адам көршілес елдерге босып кетті.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
23 мамыр 2014, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.