Атырау, 24 қараша 12:44
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытай миллиардері өлім жазасына кесілді

3 284 просмотра

Қытайлық миллиардер Лю Хань өлім жазасына кесілді. Ол кісі өлтіру және ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша айыпталып, кінәлі деп танылды. Дәл осындай ауыр жазаға оның інісі Лю Вэй мен қылмыстық топтың өзге үш өкілі де кесілді деп хабарлайды Bloomberg. 

Сонымен қатар, аталған топтың тағы 30 мүшесі бірнеше жылға бас бостандығынан айрылды. Үкімді Сяньнин қаласының соты шығарып отыр.
Қылмыстық іс қозғалғанға дейін Лю Хань "Ханьлун" тау-кен өндіруші корпорациясының басшысы болатын және Қытайдағы ең дәулетті 500 адамның тізіміне кіретін.
Тергеу нәтижелері көрсеткендей, Лю Хань өзінің інісімен бірге 1993 жылы қылмыстық топ құрған. Сычуань провинциясында әрекет еткен олардың тобы жергілікті кәсіпкерлерді қанап, 9 адамды өлтірген көрінеді.

Дереккөз: Baq.kz

 

23 мамыр 2014, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.