Теракт жасалған жер. Фото: Xinhua / AP
Бұған дейін Қытайдың Xinhua агенттігі 22 мамыр күні таңертең Үрімжіде белгісіз топ қала базарларының бірінде шабуыл жасап, бірнеше адам қаза тапқаны туралы ақпарат таратқан еді.
Агенттік дерегінше, белгісіз біреулер адам қарасы мол базарлардың біріне екі көлікпен басып кіріп, сыртқа жарылғыш заттар лақтырған. Оқиғаға куә болғандардың бірінің айтуынша, шабуыл кезінде бірнеше жарылыс дыбысы естілген.
Табиғи байлықтарға бай, этникалық ұйғырлар мекендейтін Қытайдың батысындағы бұл аймақта соңғы айларда зорлық-зомбылық пен шабуылдар көбейген. Пекин "исламшыл экстремистер мен шетелдік топтар қолдайтын ұйғыр сепаратистерінен қауіп төніп тұрғанын" айтып, аймақта қауіпсіздік шараларын күшейтіп жіберген.
Бірақ сыншылар Пекин өзі жүргізіп отырған "қатаң саясаты мен қауіпсіздік шараларын ақтау үшін қауіп деңгейін тым асыра көрсетеді" дейді.
Құқық қорғаушылар экономикалық теңсіздік пен ұйғырларға қысым жасау зорлық-зомбылықтың басты себебі деп санайды.
Дереккөз: azattyq.org
22 мамыр 2014, 12:28
В Атырау +3