Атырау, 24 қараша 13:05
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Донецк әуежайы жабылды

1 284 просмотра
Украинаның шығысындағы Донецк қаласының әуежайы қарулы сепаратистер шабуылынан соң жабылды.

Әуежай өкілі "қарулы бір топ адам әуежайды күзетіп тұрған сарбаздардан әуежай аумағын босатуды талап еткенін" хабарлады. Осы оқиғадан соң, яғни 26 мамырдан бастап әуежай жабылған.

Бұдан бұрын өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" басшысы Денис Пушлин Донецк облысында әскери жағдай жариялайтынын мәлімдеген.

Пушлин 26 мамырдан бастап әскери жағдай жарияланғанын, оның басты мақсаты "Донецк халық республикасын" Украина күштерінен тазарту екенін айтқан.  

Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Виталий Ярема 26 мамыр күні Киевте Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистерге қарсы операциялар "таяу арада қайта жалғасатынын" мәлімдеді.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
26 мамыр 2014, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.