Мәліметтерге сәйкес ұшақтан дыбыстық дабылдар ол жоғалып кетер алдында іркіліспен келіп тұрған. Бұдан әрі әуе кемесімен байланыс мүлдем жоғалған.
Бұл ұшақтың электрондық жүйесіне жанармай жетіспеуі себебінен дабыл үзіліп қалған деген болжам жасауға мүмкіндік береді, деп санайды сарапшылар.
Сонымен бірге олар ұшақты іздеу аймағы бұл аудандағы бірден бір М641 авиациялық бағытымен тоғысады деген пікірде. Бұл бағыт австралиялық Перт портынан Кокос аралдарына дейінгі жолбағытты көрсетеді. Лайнер осы жолбағытпен автопилот арқылы қозғалған, деп атап өтеді мамандар.
Куала-Лумпурдан Бейжіңге ұшып шыққан Boeing 8 наурызда түнде радардан жоғалып кеткен. Ұшақтың және оның жолаушыларының тағдыры жөнінде әлі күнге дейін ештеңе белгісіз болып отыр. Оның бортында экипаж мүшелерін қосқанда 239 адам болған.
Дереккөз: inform.kz