«Біз қажетті құжаттардың барлығын тапсырдық. Егер 22 мамырдың түскі уақытына дейін Ұйымға мүше 14 мемлекеттің Қауіпсіздік қызметтері ешқандай қарсылық білдірмесе, «Боко харамға» қатысты санкция автоматты түрде күшіне енеді», - дейді Джой Огу.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның айтуынша, Ұйымға мүше елдер тарапынан ешқандай да қарсылық болмауы тиіс. «Боко харамның» әрекеттері ешбір ақтауға келмейді.
БҰҰ ҚҚ санкциялары «Боко хараммен» байланысы бар заңды және жеке тұлғалардың активтерін пайдалануына, шетелдерге шығуына және олардың қару-жарақ жеткізуіне тыйым салады. 2013 жылдың қарашасында «Боко харам» өзінің лаңкестік ұйымдарының тізіміне Америка Құрама Штаттарын қосқан болатын.
«Боко харам» экстремистері бірнеше жылдан бері Нигерия үкіметімен соғысып келеді. Олар тек әскери нысандар мен полицейлердің ғимараттарын ғана шабуылдамай, бейбіт тұрғындардың да мазасын алады.
14 сәуірде «Боко харам» лаңкестері Нигерияның солтүстік шығысындағы Чибок елді мекенінде орналасқан лицейдің 12-17 аралығындағы 278 оқушы қызын тұтқынға алған болатын. Полицияның деректеріне сүйенсек, 53 оқушы тұтқыннан босап шығып, 223-і әлі лаңкестердің қолында. Топ мүшелері оқу орнына шабуыл жасау себебін былайша түсіндіреді – батыста білім беру тоқтатылып, қыздар тұрмысқа шығуы тиіс екен. Жалпы, жыл басынан бері Нигерияда жүздеген бейбіт тұрғын «Боко харам» лаңкестерінің қолынан қаза тапқан.
Дереккөз: bnews.kz