"Ауғанстан президенті Хамид Карзай күтілмеген сапармен Ауғанстанға келген АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуден бас тартты" деп хабарлайды Tengrinews.kz AFP ақпарат құралына сілтеме жасап.
Кездесу Баграм авиабазасында болуы тиіс еді, алайда Карзай Обаманың бұл шақыруын кемсіту деп бағалап, "Ауған билігі АҚШ жетекшісін Кабулдағы президент сарайында жылы қарсы алуға дайын, алайда Баграмға барып кездесу өткізуді жөн деп санамайды" деп мәлімдеді. Агенттіктің мәліметінше, бұл оқиға екі ел арасындағы, онсыз да кернеулі болып тұрған қарым-қатынасты одан әрі қатайта түсуі мүмкін.
Десе де, Обама Карзаймен байланысып, телефон арқылы 15-20 минут сөйлескен. АҚШ президенті 2014 жылы Ауғанстан аумағында қалатын әскери қызметкелердің нақты саны жайлы жуық арада айтатынын мәлімдеген. Сонымен қатар, Обама Ауғанстандағы америкалық әскерилердің мәртебесі туралы екіжақты келісімге, келесі айда өтетін президент сайлауының екінші кезеңінен кейін ел билігін қолға алатын жаңа тағайындалған президентпен бірге қол қоятынын жеткізді. Өйткені, бұған дейін тараптардың арасында аталмыш мәселеге қатысты келіспеушіліктер туындаған болатын.
Дереккөз: tengrinews.kz