Бостон марафоны кезінде лаңкестік ұйымдастырды деп айыпталып отырған ағайынды Темірлан мен Джохар Царнаевтар жарылғыш зат жасау үшін шырша әшекейлерін және ойыншық машиналардың тетіктерін пайдаланған, деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы АҚШ федеральды прокуроры мәлімдеген.
"Бостон марафоны кезінде жарылған бомбалар қолдан жасалған, электр сымдары мен шырша әшекейлерін пайдалану арқылы дайындалған. Дистанциялық детонаторлар ойыншық машиналардың бөлшектерінен жасалған", - делінген прокуратураның құжатында. Сондай-ақ, "бұл жарылғыш құрылғыларды адам өз бетінше жасауы өте қиын, арнайы дайындықсыз немесе үшінші жақтың көмегінсіз Царнаевтар мұны жасай алмайтындығы" айтылды.
Прокуратура қызметкерінің айтуынша, айыпталушының пәтерін тінтіп-тексерген уақытта қара оқ дәрінің іздері табылмаған. Еске сала кетейік, Бостондағы теракт 2013 жылы марафон өтіп жатқан кезде орын алған болатын. Екі бірдей жарылыстың салдарынан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жарақат алған. Ағайынды Царнаевтар - Джохар мен Темірлан осы лаңкестікке қатысы бар деп күдіктелген болатын. Темірлен полициямен атыс кезінде қаза болған. Ал Джохар Царнаев арнайы операция барысында тұтқындалған. Оған 30 пункт бойынша айып тағылды. Алайда ол оның ешқайсысын да мойындаған жоқ.
Дереккөз: tengrinews.kz