Атырау, 24 қараша 12:26
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей мен Қытай газ келісіміне қол қойды

2 356 просмотра
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин. Шанхай, 21 мамыр 2014 жыл. Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин. Шанхай, 21 мамыр 2014 жыл. Ресейдің мемлекеттік "Газпром" компаниясы Қытаймен газ тасымалдау туралы түсіністік меморандумына қол қойды.

21 мамырда мәлім болған келісім-шарт Ресей президенті Владимир Путиннің Шанхайға барған сапарында жарияланды. Бірақ келісім жайлы толық ақпарат әлі шыққан жоқ.

Бұған дейінгі келісім жобасы бойынша Ресей алдағы 30 жылда жаңа құбыр арқылы Қытайға жыл сайын 38 миллиард текше метр газ тасымалдайды деп жоспарланған. Бейресми дерек көздері келісім құны 400 миллиард АҚШ долларынан асып түсетінін айтқан.  

"Газпром" басшысы Алексей Миллер Қытаймен келісім-шарттың құны коммерциялық құпия екенін айтады.

Ресей мен Қытай газ тасымалдау мәселесін он жылдан астам уақыт бойы талқылап, газ бағасына қатысты келіспей, түпкілікті келісім-шарт жасаса алмай келген.
 
Дереккөз: azattyq.org
21 мамыр 2014, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.