Украинаның қорғаныс министрлігі 22 мамырда елдің шығысында ресейшіл сепаратистік топтармен қақтығыста тоғыз украин жауынгері қаза тапқанын хабарлады.
Министрлік өкілі Богдан Сенктің айтуынша, 22 мамырға қараған түні сепаратистер Донецк қаласынан оңтүстіккке қарай 20 километрдегі Волноваха аймағында украин әскерилерінің блокпостына шабуыл жасап, сегіз әскерді мерт еткен. Луганск облысында да сепаратистермен қақтығыста бір украин сарбазы оққа ұшқан.
Ресей қорғаныс министрлігі 22 мамырда қару-жарақ пен әскер тиеген пойыздар мен ұшақтар Украинамен шекаралас Белгород, Брянск және Ростов облыстарын тастап шыққанын мәлімдеді.
Бірақ Ресей Украинамен шекарада 40 мыңға жуық әскер ұстап тұр деген НАТО мұнда ресейлік әскерилердің жаппай кері қайтып жатқаны байқалмайды дейді.

Дереккөз: Азаттық радиосы
22 мамыр 2014, 15:25