Атырау, 10 қаңтар 00:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Барлық жаңалық

Бақылау камерасының көмегімен тонаушылар ұсталды Оқиға

Бақылау камерасының көмегімен тонаушылар ұсталды

19 маусымда ертемен 102 кезекшісінің пультіне ер адамнан қоңырау түсті. Ол С.Датов көшесінің бойындағы «Арын» дүкеніне жақын жерде сағат 06.00-де өзіне белгісіз үшеудің шабуыл жасағанын хабарлады. Күш қолданамыз деп қоқан-лоққы көрсеткен тонаушылар оның қалтасынан 30 мың теңгесін алып, бой тасалаған. 20 маусым 2016, 16:50 2 068 рет қаралды
​Атырауда перзентханада жаңа туған сәбиді сату әрекеті құрықталды Оқиға

​Атырауда перзентханада жаңа туған сәбиді сату әрекеті құрықталды

Атырау облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері облыстық перзентханада жаңа туған сәбиді сатпақ болған әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлады. 20 маусым 2016, 16:36 3 148 рет қаралды
Ержанның германдық «алтыны» Спорт

Ержанның германдық «алтыны»

Параолимпиадашы-спортшылар арасында жүзуден таяуда ғана Қазақстан чемпионы атанған атыраулық спортшы Ержан СӘЛІМГЕРЕЕВ елге жаңа жеңісімен оралды. Бұл жолы ол Берлинде өткен турнирде Германия Кубогіне ие болды. 20 маусым 2016, 15:17 2 289 рет қаралды
Орталық Азияға бөтен ниетіміз жоқ - Қытайдың Қазақстандағы елшісі Қазақстанда

Орталық Азияға бөтен ниетіміз жоқ - Қытайдың Қазақстандағы елшісі

Қытай тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін Орталық Азия елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен әріптестік қарым-қатынаста, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы жыл сайынғы Орталық Азиядағы қауіпсіздік жөніндегі конференцияда ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Ханьхуэй Чжан хабарлады. 20 маусым 2016, 15:07 2 212 рет қаралды
ЕАЭО құбыжық ойыншықтарға тыйым салмақшы Әлемде

ЕАЭО құбыжық ойыншықтарға тыйым салмақшы

Еліміздің Ұлттық экономика министрлігі «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық заңына өз ұсынысын жолдады. ЕАЭО елдері аталған бастаманы қолдап, осыған байланысты жақын аралықта балалардың жүйкесіне әсер ететін қорқынышты ойыншықтарды саудадан алып тастайтын болды,- деп хабарлады Bnews.kz. 20 маусым 2016, 15:11 1 974 рет қаралды
Православ шіркеулері басшылары тарихи кездесу өткізіп жатыр Әлемде

Православ шіркеулері басшылары тарихи кездесу өткізіп жатыр

Әлемдегі православиелік шіркеулердің жетекшілері Грекияның Крит аралына мың жылда бірінші рет бүкіләлемдік соборға жиналды,- деп хабарлады Азаттық. Мұнда православтардың Қасиетті Үштік күні құрметіне құлшылық жасалды. Бүкіләлемдік осбор 27 маусымға дейін жалғасады. Соборды Константинополь патриархы Варфоломей ерлі-зайыптылық, діни ауыз бекіту және басқа да әлеуметтік мәселелерді талқылау үшін шақырған. 20 маусым 2016, 11:28 1 850 рет қаралды
К. Мәсімов Д. Медведевке Карелияда балалардың қаза болуына байланысты көңіл айтты Қазақстанда

К. Мәсімов Д. Медведевке Карелияда балалардың қаза болуына байланысты көңіл айтты

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов твиттер-аккаунтқа Карелияда балалардың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевке көңіл айтты,- деп хабарлады ҚазАқпарат. 20 маусым 2016, 10:54 1 292 рет қаралды
Стамбулде гей-парадқа қатысушыларды газбен қуып таратты Әлемде

Стамбулде гей-парадқа қатысушыларды газбен қуып таратты

Стамбулде полиция ЛГБТ-ны қолдауға арналған маршқа қатысушыларға қарсы көзден жас ағызатын газ бен резіңке оқ қолданған. Қала орталығында өткен маршқа жүзден астам адам қатысқан. Ондаған адамды полиция Таксим алаңына жеткізбей қудалаған,- деп хабарлады Baq.kz 20 маусым 2016, 10:20 2 526 рет қаралды
Ресей құрамасының спортшылары Рио Олимпиадасынан шеттетілуі мүмкін - БАҚ Әлемде

Ресей құрамасының спортшылары Рио Олимпиадасынан шеттетілуі мүмкін - БАҚ

Халықаралық олимпиада комитеті Ресей құрамасының барлық спортшысын 5-21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарынан шеттетуге қатысты мәселені қарастырады. Бұл туралы Vesti.kz сайты Eurosport-қа сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 20 маусым 2016, 10:12 2 296 рет қаралды
"Қазақалтын" шахтасында жаппай төбелес болды Қазақстанда

"Қазақалтын" шахтасында жаппай төбелес болды

Ақмола облысы Бестөбе ауылындағы шахтаның территориясында "Қазақалтын" АҚ жұмысшыларымен "Мыс-Орда" күзет агенттігінің қызметкерлерінің арасында төбелес шығып, соңы атысқа ұласқан. Оқиға 16 маусымда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 20 маусым 2016, 09:55 3 147 рет қаралды
Б. Сағынтаев Жер реформасы жөнiндегi комиссияның бесінші отырысын қорытындылады Қазақстанда

Б. Сағынтаев Жер реформасы жөнiндегi комиссияның бесінші отырысын қорытындылады

Жер реформасына қатысты көптеген мәселе бір жүйеге келтірілді. Бұл туралы Жер реформасы жөнiндегi комиссияның Алматы облысында өткен көшпелі отырысын қорытындылаған комиссия төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті,- деп хабарладыҚазАқпарат. 20 маусым 2016, 09:47 2 497 рет қаралды
Карелияда 13 бала суға батып кетті Әлемде

Карелияда 13 бала суға батып кетті

Карелия билігінің мәліметінше, Карелияда көлде тұрған тұрған дауылдан қайық аударылып, 14 адам қаза тапты. Олардың 13-і - жазғы лагерде демалып жатқан 12-15 жас аралығындағы балалар. Ресей тергеу комитетінің хабарлауынша, 13 бала мен бір инструктордың денесі табылған,- деп хабарлады Азаттық. 20 маусым 2016, 09:43 2 148 рет қаралды
Таразда екі адам жараланған ауданнан полиция қоршауы алынған Қазақстанда

Таразда екі адам жараланған ауданнан полиция қоршауы алынған

Таразда алтыншы шағын аудандағы көпқабатты үйден полиция қоршауы алынғаннан кейін тұрғындар қоныстарына оралды,- деп хабарлады Азаттық. Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті баспасөз құралдарына хабарлауынша, бүгін полиция қызметкерлері жүргізген «Борышкер» жедел-алдын алу шарасы кезінде Тараздағы шағын аудандарды бірінде белгісіз біреу қарудан оқ атқан. Соның салдарынан жараланған екі адамның бірі – учаскелік полиция қызметкері деп хабарланды. 19 маусым 2016, 21:56 2 751 рет қаралды
Атырауда Боқаев пен Аянды қолдауға флешмоб ұйымдастырылды Басқа жаңалықтар

Атырауда Боқаев пен Аянды қолдауға флешмоб ұйымдастырылды

Бүгін, 19 маусымда Атырауда бастамашыл топ белсенділері тергеу изоляторында сотты күтіп жатқан қоғамдық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНДЫ қолдау үшін облыстық әкімдік ғимаратының алдына флэш-мобқа жиналды. Естеріңізге салсақ, олар сәуірдегі «жер» митингісінен кейін қамауға алынған еді. Оларға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын ҚК-тің 179-бабы («Билікті күштеп басып алуды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру») және 272-бабы («Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру») бойынша айыптар тағып отыр. Сурет Бейнежазба 19 маусым 2016, 14:11 3 249 рет қаралды
Атыраудың хоккей жанкүйерлері: «Бейбарысты» таратуға болмайды! Басқа жаңалықтар

Атыраудың хоккей жанкүйерлері: «Бейбарысты» таратуға болмайды!

Атырауда облыстық «Бейбарыс» хоккей командасын таратып жібереді деген сыбыстар айтылуда. Әзірге расталмаған ақпарат әсіре жанкүйерлерден бастап қарапайым спорт әуесқойларын да мазалауда. Бейнежазба 19 маусым 2016, 14:49 3 445 рет қаралды
Мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін ешқандай тест өткізілмеуі тиіс – ҚР БҒМ Қазақстанда

Мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін ешқандай тест өткізілмеуі тиіс – ҚР БҒМ

Бірінші сынып табалдырығын аттайтын балалар үшін мектептерде ешқандай тест өткізілмеуі тиіс. Бұл туралы ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жолтаева ОКҚ өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды BNews.kz. 17 маусым 2016, 14:42 2 534 рет қаралды
Kz доменді сайттар бірер сағат кідірістен соң қайта ашылды Қазақстанда

Kz доменді сайттар бірер сағат кідірістен соң қайта ашылды

Маусымның 17-сі таңертеңнен бастап бірер сағат бойы қазақстандық көптеген сайттарға кіру қиындап, қайта ашылды,- деп хабарлады Азаттық. Kz доменіндегі сайттарға хостингтік қызмет ұсынып отырған қазақстандық "Интернет-компания PS" ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Инесса Шлапак компанияның Facebook-тағы парақшасында «Желі құрылғыларында ақау пайда болды. Мәселені шешіп жатырмыз. Мән-жайын жұмысын қалпына келтірген соң хабарлаймыз» деп хабарлаған. 17 маусым 2016, 14:39 1 652 рет қаралды
Елбасы «Эксон Мобил» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасымен бірқатар инвестициялық жобаларды қарастырды Қазақстанда

Елбасы «Эксон Мобил» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасымен бірқатар инвестициялық жобаларды қарастырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Эксон Мобил» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Рекс Тиллерсонмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 17 маусым 2016, 14:32 1 493 рет қаралды
Жылу шығыны - 11 миллион Басқа жаңалықтар

Жылу шығыны - 11 миллион

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаменті нақты сыртқы ауа температурасына сүйеніп, өткен жылу маусымы үшін тұрмыстық тұтынушыларға қайтарылуға тиесілі абоненттік төлем сомасын есептеп шығарды. 17 маусым 2016, 13:53 2 909 рет қаралды
«Құлсарылық атқыш» туралы іс: Адвокат тергеушіні істі бұрмалады деп айыптайды Оқиға

«Құлсарылық атқыш» туралы іс: Адвокат тергеушіні істі бұрмалады деп айыптайды

Атыраулық адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВ әлеуметтік желілер арқылы облыстық соттың төрағасы Марғұлан БЕКТҰРҒАНОВ пен облыс прокуроры Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВҚА, сонымен қатар жұртшылық назарын облыстық сотта «құлсарылық атқыштың» қылмыстық ісі бойынша («Құлсарылық «атқыш»») басталған апелляциялық процеске аудару мақсатында бейнежолдаумен жүгінді. Сурет 17 маусым 2016, 13:59 6 467 рет қаралды