Атырау, 5 желтоқсан 13:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Бақылау камерасының көмегімен тонаушылар ұсталды

2 060 рет қаралды

19 маусымда ертемен 102 кезекшісінің пультіне ер адамнан қоңырау түсті. Ол С.Датов көшесінің бойындағы «Арын» дүкеніне жақын жерде сағат 06.00-де өзіне белгісіз үшеудің шабуыл жасағанын хабарлады. Күш қолданамыз деп қоқан-лоққы көрсеткен тонаушылар оның қалтасынан 30 мың теңгесін алып, бой тасалаған.

Қоңырау қылмыс жасалғаннан кейін 20 минуттан соң түскен. Қылмыс орнына жақын маңдағы ІІД ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен суреттелген жандарға ұқсайтын үш ер адам байқалады. Оларды «Батыс» тобының қызметкерлері ұстады. Ұсталушылар – Атырау қаласының 1989, 1990 және 1994 жылғы тұрғындары. Олар мойындау жауаптарын беріп, заттай айғақтар (ақша қаражаттары) алынды. ҚР ҚК-нің 191-бабы («Тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тамара СУХОМЛИНОВА

20 маусым 2016, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.