Атырау, 11 қазан 13:28
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Таразда екі адам жараланған ауданнан полиция қоршауы алынған

2 671 просмотра

Фото: Azattyq.orgТаразда алтыншы шағын аудандағы көпқабатты үйден полиция қоршауы алынғаннан кейін тұрғындар қоныстарына оралды,- деп хабарлады Азаттық. Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті баспасөз құралдарына хабарлауынша, бүгін полиция қызметкерлері жүргізген «Борышкер» жедел-алдын алу шарасы кезінде Тараздағы шағын аудандарды бірінде белгісіз біреу қарудан оқ атқан. Соның салдарынан жараланған екі адамның бірі – учаскелік полиция қызметкері деп хабарланды.

Тараз қалалық 1-аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ербол Ордабековтің tengrinews.kz сайтына айтуынша, зардап шеккен екеудің біріне операция жасалғанын, қазір жан сақтау бөлімінде жатқан оның денсаулық жағдайы ауыр. Ал полиция қызметкері «әлі операция үстелінде хал үстінде жатыр» деген дәрігер.

Облыстық полиция басқармасы баспасөзге күдіктінің «кезінде қылмысқа қатысы болған» адам ретінде есепте тұрғанын, бірақ «діни экстремистік іс-әрекетке қатысы жоғын» мәлімдеген.

Дереккөз: Аzattyq.org

19 маусым 2016, 21:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.