Атырау, 11 қазан 13:28
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Kz доменді сайттар бірер сағат кідірістен соң қайта ашылды

1 596 просмотра

Маусымның 17-сі таңертеңнен бастап бірер сағат бойы қазақстандық көптеген сайттарға кіру қиындап, қайта ашылды,- деп хабарлады Азаттық. Kz доменіндегі сайттарға хостингтік қызмет ұсынып отырған қазақстандық "Интернет-компания PS" ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Инесса Шлапак компанияның Facebook-тағы парақшасында «Желі құрылғыларында ақау пайда болды. Мәселені шешіп жатырмыз. Мән-жайын жұмысын қалпына келтірген соң хабарлаймыз» деп хабарлаған.

Ақпарат министрі Дәурен Абаев Facebook-тағы парақшасында:

«Министрлікке бірқатар қазақстандық сайттардың жабық болып тұрғаны туралы ақпарат түсті. Мамандарымыз дереу мәселені анықтауға кірісті. Ірі Ps.kz хостинг компаниясының мәліметтер орталығында апат болғаны анықталды. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр» деп жазған.

"Интернет-компания PS" – қазақстандық сайттарға kz аймағында хостингтік қызмет ұсынып отырған ірі интернет компания.

Дереккөз: Аzattyq.org

17 маусым 2016, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.