
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4325 теңгеге теңестірілді. Соған сәйкес көлікті бастапқы тіркеуге дейін төленетін утилизациялық алым да өсті, деп хабарлайды Kolesa.kz.
Базалық мөлшерлеме 50 АЕК болып белгіленіп, 196 600 теңгеден 216 250 теңгеге көтерілді. Алым көлемі көлік түрі мен қозғалтқышының көлеміне байланысты есептеледі.
Жеңіл көліктер (M1, жол талғамайтын көліктерді қоса)
- Электрлі қозғалтқышы бар көліктерге (гибридтерді қоспағанда) алым салынбайды.
- 1000 см³-ге дейін — 324 375 теңге
- 1001–2000 см³ — 756 875 теңге
- 2001–3000 см³ — 1 081 250 теңге
- 3001 см³-ден жоғары — 2 486 875 теңге
Жүк көліктері
- 2,5 тоннаға дейін — 756 875 теңге
- 2,5–3,5 тонна — 1 621 875 теңге
- 3,5–5 тонна — 1 621 875 теңге
- 5–8 тонна — 1 730 000 теңге
- 8–12 тонна — 2 054 375 теңге
- 12–20 тонна — 2 270 625 теңге
- 20–50 тонна (ершікті тартқыштардан басқа) — 4 433 125 теңге
- Ершікті тартқыштар (12–50 тонна) — 2 378 750 теңге
Автобустар мен микроавтобустар
- Электрлі қозғалтқышы бар көліктерге алым салынбайды.
- 2500 см³-ге дейін — 865 000 теңге
- 2500–5000 см³ — 1 730 000 теңге
- 5000–10 000 см³ — 2 270 625 теңге
- 10 001 см³-ден жоғары — 2 919 375 теңге
Төлеу тәртібі
Утилизациялық алымды Recycle.kz сайтында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы төлеуге болады. Импортталатын көліктер үшін кедендік декларация, шекарадан өткенін растайтын талон, көлік қауіпсіздігін растайтын құжаттар талап етіледі.
ЕАЭО елдерінен (Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан) әкелінген көліктерге тіркеу куәлігі, сәйкестендіру нөмірі, қабылдау-тапсыру актісі және жүкқұжат ұсынылуы тиіс.
«Жасыл даму» компаниясы өтінімді бір жұмыс күні ішінде қарайды. Құжаттарда қате болса, қайта өтінім беру қажет. Шот алған соң төлемді екінші деңгейлі банктерде жасауға болады.
В Атырау -10