Атырау, 27 қараша 03:31
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресей құрамасының спортшылары Рио Олимпиадасынан шеттетілуі мүмкін - БАҚ

2 169 просмотра

Фото: ReutersХалықаралық олимпиада комитеті Ресей құрамасының барлық спортшысын 5-21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарынан шеттетуге қатысты мәселені қарастырады. Бұл туралы Vesti.kz сайты Eurosport-қа сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Басылымның мәліметінше, Халықаралық олимпиада комитеті 21 маусымда арнайы жиын өткізеді. Олар отырыста Ресей Олимпиада комитетіне қатысты санкциялар салу мәселесін талқылайды. Отырыс тек жеңіл атлетика жайында емес, Ресей құрамасы спортшыларының ойыннан шеттетілуі жөнінде немесе жеке спорт түрі өкілдерін дисквалификациялау жөнінде болады. Сонымен қатар, басылымның мәліметінше, жиынның алдында Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Владимир Путинмен кеңес өткізуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы Бүкілресейлік жеңіл атлетика федерациясы спортшыларын дисквалификациялау мен ресей жеңілатлеттерін халықаралық жарыстардан шеттетуді күшінде қалдырған болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz

20 маусым 2016, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.