Атырау, 27 қараша 03:22
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Стамбулде гей-парадқа қатысушыларды газбен қуып таратты

2 407 просмотра

Фото: Вuzzfeed.comСтамбулде полиция ЛГБТ-ны қолдауға арналған маршқа қатысушыларға қарсы көзден жас ағызатын газ бен резіңке оқ қолданған. Қала орталығында өткен маршқа жүзден астам адам қатысқан. Ондаған адамды полиция Таксим алаңына жеткізбей қудалаған,- деп хабарлады Baq.kz.

The Hurriyet Daily News басылымының хабарлауынша, полиция дәстүрлі отбасы құндылығын қолдайтын адамдарды да тұтқындаған.

Стамбулде өткен ЛГБТ маршы қауіпсіздікті алға тартып, биліктен рұқсат етілмеген деп хабарлайды Euronews. Стамбулде гей-парадтар 2003 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. 2015 жылы да полиция гей-парадқа қатысушыларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған. Ол кезде билік акция Рамазан айына сәйкес келгендіктен, рұқсат бермеген.

Басқа мұсылман елдерге қарағанда, Түркияда гомосексуализм қылмыс болып саналмайды. Бірақ бұған қарамастан қоғамда гомофобиялық көңіл-күй басым.

Дереккөз: Вaq.kz

20 маусым 2016, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.