Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаменті нақты сыртқы ауа температурасына сүйеніп, өткен жылу маусымы үшін тұрмыстық тұтынушыларға қайтарылуға тиесілі абоненттік төлем сомасын есептеп шығарды.
«Бұл жылу энергиясын есептейтін аспабы жоқ тұтынушыларға қатысты, - делінген департаменттің баспасөз хабарламасында. – Жылумен қамтушы 10 кәсіпорынның есепшотынан қайтарылатын жалпы сомасы 11 397 302 теңгені құрады. Тұрғындарға ақшаны қайтару алдағы жылыту кезеңі басталғаннан кейін абоненттік төлемді қайта есептеу арқылы жүргізілетін болады».
Қай кәсіпорын қанша қайтарады?
«Атырау жылу электр орталығы» АҚ - 7 741 890 теңге;
«Қаланың тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС - 1 336 760 теңге;
«Құспанова К.С.» ЖК - 1 271 152 теңге;
«Жылыой Су» МКК - 466 841 теңге;
«Атырау Су Арнасы» КМК - 44 197 теңге;
«Жахан Атырау» ЖШС - 224 528 теңге;
«Қамысқала Су Арнасы» ЖШС - 174 832 теңге;
«Тұрмыстық қызмет» МКК – 74 186 теңге (ҚҚС-сыз);
«Тұрмыс қызмет» ЖШС - 40 180 теңге (ҚҚС-сыз);
«Қайрат» ЖК - 22 736 теңге (ҚҚС-сыз).
«Бүкіл тұтынушылардың ортақ жылу есептегіштерін пайдалануға көшуіне қарай нақты тұтынылған жылу энергиясы үшін төлем жүргізіледі және қайта есептеулер қажет болмайды», - делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ