Атырау, 11 қазан 13:29
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

"Қазақалтын" шахтасында жаппай төбелес болды

2 932 просмотра

Ақмола облысы Бестөбе ауылындағы шахтаның территориясында "Қазақалтын" АҚ жұмысшыларымен "Мыс-Орда" күзет агенттігінің қызметкерлерінің арасында төбелес шығып, соңы атысқа ұласқан. Оқиға 16 маусымда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қақтығыс барысында күзетшілер қарудан оқ атқан, жарақат алғандар бар. Оқиға орнында Степногорск прокуроры, ІІБ басшысы, қалалық ІІБ жедел-тергеу тобы болды.

ІІД баспасөз қызметінің өкілдері осы дерек бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады. "Қақтығыс жұмысшылардың заттарын күзет қызметкерлері тексеру барысында қолданған ережесіне келіспегендіктен шыққан. Оқиға жұмысшылардың тарапынан бұзақылық әрекетке жол берілген. Нәтижесінде екі тарап та дене жарақатын алған. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.


Дереккөз: Тengrinews.kz


20 маусым 2016, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.