Атырау, 27 қараша 03:21
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Православ шіркеулері басшылары тарихи кездесу өткізіп жатыр

1 769 просмотра

Константинополь патриархы Варфоломей. Фото: ReutersӘлемдегі православиелік шіркеулердің жетекшілері Грекияның Крит аралына мың жылда бірінші рет бүкіләлемдік соборға жиналды,- деп хабарлады Азаттық. Мұнда православтардың Қасиетті Үштік күні құрметіне құлшылық жасалды. Бүкіләлемдік осбор 27 маусымға дейін жалғасады. Соборды Константинополь патриархы Варфоломей ерлі-зайыптылық, діни ауыз бекіту және басқа да әлеуметтік мәселелерді талқылау үшін шақырған.

Ресей патриархы Кирилл Болгария, Сербия және Сирия шіркеулері басшыларын қолдау ретінде кездесуге қатысудан бас тартты. Бұл үш шіркеудің басшылары да соборды ұйымдастыру ісіне келіспей Критке бармаған.

Орыс православие шіркеуінің 130 миллион жақтаушысы бар. Бұл әлемдегі православтардың жартысын құрайды. Соборға бойкот жариялау діни жетекшілердің бірігуге деген серпілісіне нұқсан келтіріп отыр.

Дереккөз: Аzattyq.org

20 маусым 2016, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.