Атырау, 11 қазан 13:28
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

К. Мәсімов Д. Медведевке Карелияда балалардың қаза болуына байланысты көңіл айтты

1 179 просмотра

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов твиттер-аккаунтқа Карелияда балалардың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевке көңіл айтты,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

«РФ Үкіметінің Төрағасы Д.А.Медведевке балалардың қазасына әкеп соққан Карелиядағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамын», - деп жазды твиттерге К. Мәсімов.

Еске салсақ, 18 маусымда «Парк-Отель Сямозеро» балалар сауықтыру лагерінің қатысушылары Пряжинск ауданындағы су қоймасында қайықпен дауылға ұрынды. Үш қайықта 47 бала, 4 ересек нұсқаушы болған. Дауыл салдарынан қайық аударылып, батып кетті. Соңғы деректер бойынша қаза болған балалар саны - 15.

Дереккөз:Іnform.kz

20 маусым 2016, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.