Атырау, 28 қараша 21:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атыраудың хоккей жанкүйерлері: «Бейбарысты» таратуға болмайды!

Бейнежазба
3 296 просмотра

Атырауда облыстық «Бейбарыс» хоккей командасын таратып жібереді деген сыбыстар айтылуда. Әзірге расталмаған ақпарат әсіре жанкүйерлерден бастап қарапайым спорт әуесқойларын да мазалауда.

Олар биыл алтын алқалар иеленген клубтың жабылатындығына сенуден бас тартады. Өзінің аз уақыттағы тарихында «Бейбарыс» ХБ спортта едәуір табыстарға жетіп қана қоймай (үш рет чемпион болып, 7 маусымда екі «күміс» алды), мұнай астанасында балалар мен жасөспірімдер хоккейін дамытуға мықты түрткі болды. Жақында ғана қиындықпен келген «алтынды» иеленген команданы Атырау қаласының әуежайынан салтанатпен күтіп алған болатын. Қарсы алушылар арасында шаттанған балақайлар көп болған еді.

...«Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген сөз бар. Алайда хоккей клубының басшылығы команданы тарату туралы ақпараттың қайдан пайда болғанынан бейхабар. «Бейбарыс» ҚМКК директоры Георгий ЩЕРБАКОВ жаңа борттар орнату үшін, заманауи құю машиналары мен тоңазытқыш қондырғыларын сатып алу үшін қосымша сомалар керектігін жасырмады. Бір апта бұрын ол облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының бастығы Азамат БЕКЕТКЕ келесі маусымға клуб бюджетін ұсынған. Өз кезегінде бас спорт шенеунігі жақын арада облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ алдында сметаны қорғамақ. «Мәмлүктердің» сұраныстарын толықтай бекіте ме, жоқ па, команда директоры көз тимес үшін болжағысы келмейді. Қанша сома туралы сөз болып отыр? Бұл сұраққа Бейбарыс басшылығы тек келесі аптада жауап беруге уәде берді.

Ал «WhatsApp» мессенджерінде «Бейбарыс» ХК жанкүйерлерінің Нұрлан Ноғаевқа үндеу хатының сілтемелері пайда болды:

«Біз бірнеше мың атыраулық отбасына спорт мерекесін сыйлайтын еліміздің батысындағы жалғыз ғана кәсіби «Бейбарыс» хоккей клубы жабылады деген сыбысқа өте алаңдаулымыз... Біз, «Бейбарысты» «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесімен тікелей байланыстырамыз. Өйткені, көпұлтты трибунада өте жылы және достық ахуал салтанат құрады. Біз, «Бейбарыс» ХК жанкүйерлері аты-жөнімізді білместен, бір-бірімізді туған жеріміз Атырау қаласының көшесінен танып қалып, бір бірімізге жылы амандасамыз. Біздің бір ғана ортақ тақырыбымыз: ұлы мәртебелі ХОККЕЙ».

Біз қала бақтарының бірінде «Бейбарыс» ХК жанкүйерлерімен кездестік. Бұл жерде жастар да, егде жастағы жандар да болды. Олар клубтың тағдырына алаңдаушылық білдірді. Мұндай қауесеттер 2014 жылы да болған еді. Бірақ ол кезде бәрі де жорамал деңгейінде қалды. Бұл жолы хоккейсүйер қауым бұл сыбыс текке шықпаған шығар деген пікірде. Егер клуб таралса, мыңдаған атыраулықтар едәуір спорт демалысынан (әсіресе қысқы уақытта) айырылады. Спортқа ондаған, жүздеген баланы тартып, жылдан жылға бағыт алып бара жатқан балалар мен жасөспірімдер хоккейіне нүкте қойылады. Егер көрермендер іші лық толы болатын Мұз сарайында хоккей жарысы мен «Бейбарыстың» жеңістерін енді көре алмайтын болса, бұл біздің қаламыз үшін үлкен кемшілік», – деп есептейді жанкүйерлер.


Марат ТАКУЛИН

Бейнежазбаны түсірген автор
19 маусым 2016, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.