Атырау, 11 қазан 13:23
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін ешқандай тест өткізілмеуі тиіс – ҚР БҒМ

2 414 просмотра

Көрнекі сурет. "АЖ" мұрағатынан.Бірінші сынып табалдырығын аттайтын балалар үшін мектептерде ешқандай тест өткізілмеуі тиіс. Бұл туралы ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жолтаева ОКҚ өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Барлықтарыңызға айтқым келеді: бірінші сыныпқа баратын бала тест тапсырмайды. Ол ешбір ережеде, ешбір нормативте қарастырылмаған. Алты-жеті жасқа толған балаларды ата-анасы бірінші сыныпқа беруі тиіс деген норма «Білім туралы» заңда бар екені анық. Білім мекемелерінің, облыстық білім басқармаларының назарын тағы мәрте аударғым келеді: бірінші сыныпқа баратын балаларға тест өткізілмейді», – деді Жаңыл Жолтаева.

Дереккөз: Вnews.kz





17 маусым 2016, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.