Атырау, 27 қараша 03:21
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ЕАЭО құбыжық ойыншықтарға тыйым салмақшы

1 859 просмотра

Еліміздің Ұлттық экономика министрлігі «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық заңына өз ұсынысын жолдады. ЕАЭО елдері аталған бастаманы қолдап, осыған байланысты жақын аралықта балалардың жүйкесіне әсер ететін қорқынышты ойыншықтарды саудадан алып тастайтын болды,- деп хабарлады Bnews.kz.

Ойындық шығарушыларды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өтуге міндеттемекші. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық заңына тиісті түзетулер туралы мұндай ұсыныс Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігінен келіп түсті. Бұл бастаманы ЕАЭО өзге елдері қолдады.

Ұсыныс авторлары Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің сауда сөрелеріне психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткен ойыншықтар ғана тап болғанын қалайды. Осылайша баланың жүйкесіне, денсаулығы мен дамуына жағымсыз әсер ететін, балалардың бойында агрессия мен қорқыныш тудыратын тауарлардан құтылатын боламыз.

Балаларды агрессиялық әрекеттерге итермелейтін, ойын кейіпкерлеріне қатысты қатыгездік танытуға себепші болатын ойыншықтарға тыйым салынады. Сондай-ақ нәсілдік ерекшеліктерге кемсітушілікпен немесе адамдардың дене кемістігіне жағымсыз қарауды тудыратын ойыншықтарға да тоқсауыл қойылады.

Дереккөз: Вnews.kz





20 маусым 2016, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.