Атырау, 22 желтоқсан 14:59
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Атырау» тағы жеңіске жетті

Сурет
2 698 просмотра


19 маусымда «Мұнайшы» стадионында «Атырау» мен «Тараз» командаларының арасында футболдан ел чемпионатының 17-туры өтті.

Бұл кештегі ауа райы футболшыларға қолайлы болды, күн бұлттанып, адам төзгісіз ыстықты самал жел алмастырды. Сірә, жанкүйерлер Оралдағы ірі жеңістен кейін «ақ-жасылдардан» көп нәрсе күткен сыңайлы. Алайда «Тараз» мықты қарсылыс болып шықты. Ойынның алғашқы жарты сағаты екіжақты шабуылда өтті. Бірақ қожайындарда шабуылды сәттер көп болды. Ал бірінші таймның ең соңында меймандар ойыншысы «Атырау» қақпашысы Жасур НАРЗИКУЛОВПЕН жекпе-жекке шығып, одан соққы алды. Төреші еш ойланбастан, 11 метрлік белгіні көрсетті. Алайда біздің қақпашымыз кішкентай футбол ерлігін жасап, бұл пенальтиді дарытпады.

Бұл сәтсіздік меймандарды психологиялық тұрғыда әлсіретіп жіберген секілді. Өйткені, екінші таймда «Атыраудың» артықшылығы басым болды. Шабуылдардың бірінде алаң иелері айыппұл добына қол жеткізіп, «Атыраудың» македониялық легионері Александр ДАМЧЕВСКИ оң жақ жақ «тоғыздық» бұрышына әдемі етіп доп салды – қақпашы дәрменсіз еді. Осыдан кейін «ақ-жасылдар» өз артықшылықтарын бірнеше рет дәлелдей алар еді, алайда матч 1:0 есебімен аяқталды. Дегенмен, үш ұпай үшін де әбден жеткілікті еді.

Матчтан кейін өткізілген баспасөз конференциясында «Атыраудың» бас бапкері Стойчо МЛАДЕНОВ өзінің тактикалық нұсқауларын бұлжытпай орындаған өз шәкірттерінің ойынына риза екенін айтты. Қатарынан үшінші жеңіске жеткеннен кейін «Атырау» турнирлік кестеде екі позицияға көтеріліп, енді 22 ұпаймен 6-шы орынға шықты.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

20 маусым 2016, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.