Фото: РИА НовостиКарелия билігінің мәліметінше, Карелияда көлде тұрған тұрған дауылдан қайық аударылып, 14 адам қаза тапты. Олардың 13-і - жазғы лагерде демалып жатқан 12-15 жас аралығындағы балалар. Ресей тергеу комитетінің хабарлауынша, 13 бала мен бір инструктордың денесі табылған,- деп хабарлады Азаттық.
Оқиға түнде болып, іздеу шараларына 49 адам қатысқан. Жергілікті ақпарат құралдары екі қайық аударылған деп хабарлайды. Мәскеу мэрі Сергей Собянин қаза тапқандардың көпшілігі мәскеуліктер болған дейді. "Интерфакс" агенттігінің мәліметінше, оқиғаға қатысты бір инструктор ұсталып, тергеліп жатыр.
Дереккөз: Аzattyq.org