
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы болып Оңал Ботаұлы Бекиев тағайындалды.
Тиісті кадрлық шешім ішкі істер органдары жүйесінде қабылданды.
Оңал Ботаұлы Бекиев 1975 жылдың 21 қаңтарында Алматы облысында дүниеге келген. Бірнеше жоғары білімі бар:
- 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін,
- 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін,
- 2014 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмамдаған.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1998 жылы бастаған. Жылдар бойы инспектордан бастап орталық аппараттағы басшылық лауазымдарға дейінгі жолды жүріп өтті. Әр кезеңде:
- Үкіметтік мекемелерді қорғау полиция полкінде аға инспектор әрі командирдің орынбасары болды,
- Ішкі істер министрлігінің кадрлық бөлімдерін басқарды,
- Астана қаласының арнайы күзет қызметін басқарды,
- Алматы облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары,
- Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
2019 жылдың қазанынан 2022 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаментін басқарды. Кейін министрлік аппаратының жетекшісі болды.
2021 жылдың 6 мамырында оған полиция генерал-майоры арнайы атағы берілді.
Бұған дейін Атырау облысы полиция департаментін басқарған Нұрхат Кенжебайұлы Оразбаев Ұлытау облысының полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
В Атырау -3