Атырау, 22 желтоқсан 22:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Басқа жаңалықтар

Галстуксыз кездесу Басқа жаңалықтар

Галстуксыз кездесу

15 мамырда Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Бірақ олар ғана емес, өз жобаларына қолдау мен қаржы сұраған бизнесмендер, халықаралық гуманитарлық мекемелердің қызметкерлері және қоғам үшін идеялары бар жеке тұлғалар да келді. Бейнежазба 16 мамыр 2018, 13:49 5 457 рет қаралды
Ораза 17 мамырда басталады Басқа жаңалықтар

Ораза 17 мамырда басталады

Биылғы рамазан айының басталуы «Жарамазан айту» дәстүрімен ерекшеленбек. Бұл туралы ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы МАНСҰРОВ БАҚ өкілдерімен болған брифингте мәлімдеді. Биылғы рамазан айының оразасы 17 мамыр – 14 маусым аралығында, 29 күнге созылады. Қадір түні - маусымның 12-не қараған түні. Ораза айт мейрамы 15 маусымда басталады, ал, айт намазы жергілікті уақытпен 07:00-де оқылады. Пітір садақа - кісі басына 300 теңге.   Бейнежазба 13 мамыр 2018, 14:35 8 774 рет қаралды
Ескі қарыздар және жаңа несие туралы Басқа жаңалықтар

Ескі қарыздар және жаңа несие туралы

ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының директоры Айнұр КӨШЕРБАЕВА брифингте биылғы ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландырудың жаңартылған бағдарламасы және жаңа «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы туралы әңгімеледі. Бейнежазба 7 мамыр 2018, 13:01 3 489 рет қаралды
"Таршылықтағы" ой Басқа жаңалықтар

"Таршылықтағы" ой

2016 жылғы сәуірдегі «жер» митингісіне қатысқаннан кейін Макс БОҚАЕВПЕН бірге бес жылға бас бостандығынан айырылған Талғат АЯН бостандыққа шығып, 29 сәуірде Атырауға үйіне келгені белгілі. Жақында ол шағын сұхбат беремін деген уәдесін орындау үшін «АЖ» редакциясына келді.    Бейнежазба 4 мамыр 2018, 10:27 6 955 рет қаралды
Ескерткіштерді кім қорғайды? Басқа жаңалықтар

Ескерткіштерді кім қорғайды?

Мұнайлы астана көшелеріндегі тарихи тұлғаларға арналған бірқатар мәдени ескерткіштердің күтімі жетіспей тұр. Бүгінде бұлардың көгершін мен басқа да құстардың саңлығына былғанып тұрғаны қаланың келбетіне сын. «АЖ» тілшісі бұларды ластанудан қорғаудың жолдары туралы ізденді. Сурет 2 мамыр 2018, 09:55 7 010 рет қаралды
Бюджетке дейінгі ұзақ жол - 2 Басқа жаңалықтар

Бюджетке дейінгі ұзақ жол - 2

Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасында мұнайлы астанадағы жолаушылар тасымалы туралы өзекті тақырып бойынша отырыс өтті. Жиналыс барысын болжау қиын емес еді - мұнда да тасымалдаушылар шығынмен жұмыс жасап жатқандықтарына шағымданып, бюджеттен көмек сұрады. Сурет Бейнежазба 30 сәуір 2018, 19:14 3 904 рет қаралды
Бірін бірі толтырған Басқа жаңалықтар

Бірін бірі толтырған

Атыраулық есту қабілеті бойынша мүгедектерге мамандық пен жұмыс табу қиын. Өйткені жергілікті оқу орындарында мылқау адамдарға арналған сурдоаударма арқылы өтетін курстар жоқ. Солардың бірі – 37 жастағы Атырау тұрғыны Қанат ИМАНҒАЗИЕВ. Ол – мылқау, біз онымен 13 жастағы ұлы арқылы сөйлестік. Сурет Бейнежазба 22 сәуір 2018, 20:30 4 689 рет қаралды
Премьер-министр Атырауға келді Басқа жаңалықтар

Премьер-министр Атырауға келді

13 сәуірде ҚР Премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ Атырауға жұмыс сапарымен келді. Ол Махамбет аудан орталығындағы Жайық арқылы салынып жатқан көпір құрылысының барысымен, мұнай-химия технопаркінің және полиэтилен өндіретін зауыттың жұмысымен, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-дағы өндірісті цифрландырумен танысып, жергілікті жоғарғы оқу орындары мен колледждердің басшыларымен және студенттерімен кездесті. Сурет Бейнежазба 14 сәуір 2018, 21:29 4 789 рет қаралды
Күндізгі торуыл Басқа жаңалықтар

Күндізгі торуыл

10 сәуірде құқық қорғау органдары Бекіре-2018» акциясы аясында Жайық өзені бойына рейдке шықты. Торуылға шыққан қос кеменің алдыңғысында Атырау облыстық ІІД-нің балық қорын қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі қызметкерлері болса, келесі кемеде  аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы инспекторлары мен «АЖ» тілшісі болды. Сурет Бейнежазба 12 сәуір 2018, 15:36 5 545 рет қаралды
Бюджетке дейінгі ұзақ жол... Басқа жаңалықтар

Бюджетке дейінгі ұзақ жол...

Мұнайлы астанадағы қоғамдық көліктің жалпы көрінісі кейіпсіз екені белгілі. Ал жақында қалалық маршруттарда пайдаланылған алматылық автобустар пайда болды. Осыған қатысты сұрақтарға Атыраудағы маршруттардың көпшілігіне қызмет көрсететін «АйсТрансХолдинг» ЖШС директоры Берік ЖЕТПІСБАЕВ жауап береді. Сурет Бейнежазба 7 сәуір 2018, 12:59 4 544 рет қаралды
Қытайдан келген қазақ жастары-3 Басқа жаңалықтар

Қытайдан келген қазақ жастары-3

Жақында Атырау мұнай және газ университетінде оқитын Қытайдан келген 20 шақты қазақ студенті аталмыш оқу орнының жанына жиналып, оқу ақысы мәселесіне орай наразылықтарын білдірді. Негізгі талап - сол баяғы оқуға түсерде уәде етілген оқу ақысына 25 пайыз жеңілдікті беру. Айта кету керек, бұл жағдай біраз уақыттан бері шешімін таппай келеді және қаңтар айында ректор Әли ӘБІШЕВ оларға жеңілдіктерге қатысты нақты уәде берілмеген айтқан болатын. Сурет Бейнежазба 6 сәуір 2018, 10:45 12 880 рет қаралды
Атырау. Қауіп төнсе, қапы қалма! Басқа жаңалықтар

Атырау. Қауіп төнсе, қапы қалма!

Кемероводағы трагедиядан кейін «АЖ» тілшілері кәсіби мамандардың араласуынсыз өрт қауіпсіздігіне қатысты қарапайым бақылау жасау үшін Қазақстанның мұнайлы астанасының сауда-сауық орталықтарына баруды ұйғарды.  Сурет Бейнежазба 2 сәуір 2018, 11:34 7 056 рет қаралды
Балық аулау маусымы басталды Басқа жаңалықтар

Балық аулау маусымы басталды

1 сәуір - 31 мамыр аралығында еліміздің батыс аймағында дәстүрлі «Бекіре- 2018» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтеді. Акция барысында браконьерлік «қаупі» ықтимал деген жерлерде 17 бақылау-тексеру бекеті ұйымдастырылады. Бұл жөнінде өткен брифинге ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а Марлен АЙНАБЕКОВ мәлімдеді. Сурет Бейнежазба 2 сәуір 2018, 16:04 4 539 рет қаралды
Қорық па әлде вахташыларды таситын орын ба? Басқа жаңалықтар

Қорық па әлде вахташыларды таситын орын ба?

Атырауда «Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) бойынша Солтүстік Каспий мұнай төгінділеріне экологиялық әрекет ету базасының (СКЭӘБ) аумағында жолаушылар терминалын салу» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті.  ҚОӘБ бойынша алдын ала тыңдаулар 2016 жылдың қыркүйегінде өткен болатын. Сол кезде жергілікті жұртшылық бұған қарсы шыққан еді. Бұл жолы одан бетер наразы болды.  Сурет Бейнежазба 2 сәуір 2018, 21:39 4 453 рет қаралды
«Мамандық алсам, осында қалғым келеді» Басқа жаңалықтар

«Мамандық алсам, осында қалғым келеді»

Қазіргі таңда Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Қытайдан келген 70 студент оқиды. Оның 45-і даярлық курсында білім алса, қалған 15-і болашақ мамандар. Аспанасты елінен келген студенттердің қазіргі жағдайы туралы «АЖ» тілшісі  университет ректоры Абзал ТАЛТЕНОВПЕН сұхбаттасты, сондай-ақ кейбіреуімен кездесті. Сурет Бейнежазба 21 наурыз 2018, 18:10 6 440 рет қаралды
Өрт пен мұз Басқа жаңалықтар

Өрт пен мұз

Атырау облысында ұзындығы 415,8 шақырым өзен бөгеттері және 11,5 шақырым теңіз бөгеттері бар. Оның 213,2 шақырымы қалпына келтіруді қажет етеді. Бұл сандар төтенше жағдайдар департаменті өткізген брифингте айтылды. Бейнежазба 20 наурыз 2018, 16:41 3 043 рет қаралды
Жетпісінде жүйткіген әже Басқа жаңалықтар

Жетпісінде жүйткіген әже

Жасы 70-ті алқымдаған атыраулық Нәсіп ТӨЛЕГЕНОВАНЫҢ өз қатарластарынан ерекшелігі - әлі күнге дейін көлік жүргізіп, мал шаруасымен айналысады, немерелерін мектепке тасымалдайды. Қазір ақ жаулықты ана Исатай ауданы, Жанбай ауылында тұрады. «АЖ» тілшісі әженің ауылына барып, әңгімелесіп қайтқан еді. Сурет Бейнежазба 15 наурыз 2018, 17:28 19 364 рет қаралды
МӘМС: алғашқы атыраулық миллиардтар Басқа жаңалықтар

МӘМС: алғашқы атыраулық миллиардтар

Қазақстанда өтіп жатқан науқанға байланысты денсаулық сақтау мекемелеріне 611923 адам тіркелген. Атырау облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» шотына 2 млрд. 790 млн. теңге ақша түскен. Бұл жөнінде өткен брифингте жергілікті филиалдың директоры Байтолла ҒАЗИЗОВ мәлімдеді. Бейнежазба 14 наурыз 2018, 16:22 3 706 рет қаралды
"Бас жоспар қолмен сыза салатын қағаз емес" Басқа жаңалықтар

"Бас жоспар қолмен сыза салатын қағаз емес"

Өткен жылы Атырау облысындағы 6 елді мекеннің бас жоспарын әзірлеуге облыс бюджетінен 88 млн теңге бөлініп, оның 10 млн теңгесіне Индер ауданындағы Аққала ауылының, Махамбет ауданы Аққайың, Сарайшық ауылдарының, Жылыойдағы Қарағай ауылының, 78 млн теңгеге Мақат ауданының Мақат жән Доссор поселкесінің  бас жоспарлары жасақталған. Бұл жөнінде өткен брифингте Атырау облысы Сәулет және қала құрылыс басқармасының басшысы Гүлбаршын АРЫСТАНОВА мәлімдеді. Сурет Бейнежазба 12 наурыз 2018, 10:38 3 893 рет қаралды
Көпірдің астымен емес, үстімен өтіңіз Басқа жаңалықтар

Көпірдің астымен емес, үстімен өтіңіз

Күн жылынды, алайда кәнігі балықшылар Жайықтың мұзы балық ауларларын қояр емес. Тұрғындар да көпірмен өтуді алыссынып, мұз үстіндегі зырғанақ соқпақпен жүріп, тез жеткенді қалайды. Сурет 12 наурыз 2018, 12:10 2 996 рет қаралды
"Көше сыпырып, үй салдық..." Басқа жаңалықтар

"Көше сыпырып, үй салдық..."

Атырау тұрғындары үшін көше тазалап жүрген қызыл арнайы киімді адамдарды көру үйреншікті жайт. Олардың көпшілігі – өзге елден келген әйелдер. Мұнайлы астананың тазалығын «Арнайыавтобаза» ЖШС-ның әрқайсысында 60-тай қызметкері бар 5 бригадасы қадағалайды. Сурет Бейнежазба 5 наурыз 2018, 22:08 7 438 рет қаралды
"Айқасқа" тек қыздар шығады Басқа жаңалықтар

"Айқасқа" тек қыздар шығады

Атырау облыстық арнайы дайындық басқармасының оқу орталығында көктемнің алғашқы күндері қала мен аудандардан келген 35 полиция әйел бір апталық біліктілік арттыру курсынан өтіп жатыр. Сурет Бейнежазба 4 наурыз 2018, 18:14 9 870 рет қаралды
"Халықтың өзі қадағалау керек" Басқа жаңалықтар

"Халықтың өзі қадағалау керек"

Атырау облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 2017 жылы кәсіпкерлік кодексі талаптарын сақтамаған нысандарға 43 жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 2,7 млн теңгеден астам 37 айыппұл салған. Бұл туралы брифингте департамент басшысының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ (суретте) мәлімдеді.   Бейнежазба 3 наурыз 2018, 09:40 5 230 рет қаралды
Қисық автобус Басқа жаңалықтар

Қисық автобус

28 ақпан күні кешке Атырау қаласы Махамбет даңғылы «Осипенко» аялдамасының маңында №14 маршруттағы қоғамдық көлік арыққа түсіп кетті. Куәгерлердің айтуынша, қисайып келе жатырған автобус жол-көлік апатына тап болған.  Жол апаты кезінде бір жолаушы қатты шошып, талып қалған. Кейін ол ауруханаға барудан бас тартса, келесі бір жолаушы ем алуға мәжбүр болған. Сурет 3 наурыз 2018, 16:24 4 291 рет қаралды
Қала "қызғалдақтары" Басқа жаңалықтар

Қала "қызғалдақтары"

27 ақпанда Атырау қаласы мәслихатының кезектен тыс XX сессиясы өтті. 8 наурыз көктем мерекесі қарсаңында депутаттар әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі комиссия төрағасы, қала әкімінің орынбасары Полымбет ХАСАНОВТЫҢ статистикалық есептеулерге толы баяндамасын тыңдады. Сурет Бейнежазба 28 ақпан 2018, 11:06 3 018 рет қаралды
Жатақхана үй болмады Басқа жаңалықтар

Жатақхана үй болмады

«АЖ» редакциясына қаламыздағы Ж.Молдағалиев көшесі, 33 «а» үйінің тұрғындарынан хат келіп, онда ғимараттары тұруға жарамсыз екені жазылған. 1974 жылы салынған бұл үйде қазір 152 пәтер бар, кеңес кезінде жатақхана ретінде берілген болатын.  Бейнежазба 27 ақпан 2018, 17:02 4 549 рет қаралды
Өзен өзегіңді талдырмайды Басқа жаңалықтар

Өзен өзегіңді талдырмайды

2018 жылы өңірімізде тұрғын үй салу үшін берілетін жер телімі өткен жылғымен салыстырғанда екі еседей артық бөлінеді. Бұл туралы брифингте Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек НӘУТИЕВ хабарлады. Бүгінде жер кезегінде 102 мың адам кезекте тұр. 2017 жылы 2415 жер берілсе, биыл 4180 жер беріледі деп күтілуде.  Сурет Бейнежазба 19 ақпан 2018, 22:20 4 468 рет қаралды