Атырау, 26 қараша 05:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ораза 17 мамырда басталады

Бейнежазба
8 547 просмотра


Биылғы рамазан айының басталуы «Жарамазан айту» дәстүрімен ерекшеленбек. Бұл туралы ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы МАНСҰРОВ БАҚ өкілдерімен болған брифингте мәлімдеді. Биылғы рамазан айының оразасы 17 мамыр – 14 маусым аралығында, 29 күнге созылады. Қадір түні - маусымның 12-не қараған түні. Ораза айт мейрамы 15 маусымда басталады, ал, айт намазы жергілікті уақытпен 07:00-де оқылады. Пітір садақа - кісі басына 300 теңге.  



Имамның айтуынша, оразаның негізгі шарты - мұсылман болуы, балиғат жасында болуы, ақыл есінің дұрыс болуы, ораза ұстауға күші жету.

- Оразада таңда сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?

- Рамазан айының оразасында сәресіне тұрмаған кісі ұйқыдан оянысымен сол күнгі оразасына ниет етіп, нәр татпастан ауыз бекітеді.

- Науқастанып қалған адамдар оразасын бұзса бола ма?

- Ауырған адамға ораза тұтпауына рұқсат берілген. Сонымен бірге емізулі баласы бар анаға, алыс сапарда жүрген жолаушы (егер ораза тұтуына мүмкіндігі болмаса)  аузын ашуына рұқсат. Алайда кейін қазасын өтейді.

- Ал, асқазаны ауыратын, мүлдем аш жүре алмайтын ораза ұстауға шамасы жоқ адамдар қайтеді?

- Ораза ұстауға жағдайы жетпесе оразаның әр күніне пидия төлейді. Ол 30 күн бойы бір адамға таңғы және кешкі асты алып беру немесе 60 міскінді бір күнде тамақтандыру, үшінші нұсқасы жоғарыда айтылған екі нұсқаның құнын төлейі. Ол орташа есеппен күніне мың теңге деп есептегенде 30 күнге есептеп 30 мың теңгені бір мұқтаж адамға беруге болады.

"АЖ" анықтамасы: 
Жармазан –  рамазан айында айтылатын тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Рамазан айы кірерде ауылдың жастары жиылып, әр үйдің есігінен рамазан айы келгенін сүйіншілейді. Жарамазанды естіген үй иесі үйден шама-шарықтарына қарай сыйлық алып шығып, жарамазаншыларды риза етіп жіберетін болған.

- Намазы жоқтың оразасы қабыл ма?

Намазға әлі жығылмаған адамның ораза ұстауына болады. Тұтқан оразасының сауабын алады. Өйткені ораза өзінше бір -парыз, ал намаз бөлек парыз.  

- Пітір садақаны қайда берген дұрыс?   

Пітірді жағайы жоқ місіндерге, мұқтаждарға, жолда қалғандарға, қиналғандарға және айналамыздағы өзіміз білетін жоқ жітім адамдарға 4-5 адам бірігіп барып беруге болады. Мешітке беру керек деп міндеттемейміз. Мешітке рамазан айында халықтан түскен қаражатты комиссия арқылы мешітте мұқтаждар тізіміне енген адамдарға таратылады.

- Ораза қандай жағдайда бұзылады?

Таң атқаннан күн батқанға дейінгі аралықта жеу, ішу, жыныстық қатынаста болу. Дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау және темекі тарту, ауыз толы құсықты жұту.

Оразаны бұзбайтын нәрселер?

Ұмытып ішіп-жеу, қан алдыру, ауыз, мұрынды шаю, шомылу, төбеден су құйынып жуыну, бой дәретсіз таң атыру, еріксіз құсу, көзге дәрі, сүрме жағу, еріксіз тамағына түтін, шаң, шыбын кіру, түкірік жұту, тістің арасындағы бұршақтан кішкене нәрсені жұту.



Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет және бейнежазбаны түсірген автор

13 мамыр 2018, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.