Атырау, 26 қараша 11:27
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Өрт пен мұз

Бейнежазба
2 903 просмотра


Атырау облысында ұзындығы 415,8 шақырым өзен бөгеттері және 11,5 шақырым теңіз бөгеттері бар. Оның 213,2 шақырымы қалпына келтіруді қажет етеді. Бұл сандар төтенше жағдайдар департаменті өткізген брифингте айтылды.

Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Замир БЕРДАШЕВТІҢ айтуынша, қазіргі уақытта облыс аумағында жағдай бірқалыпты, елді-мекендер мен нысандарда су тасу және су басу қаупі жоқ.

Жыл сайын көктемгі мұз еру кезінде адамдардың қауіпсіздік шараларын сақтамайды және бұл бақытсыздық жағдайларына душар етеді.

-Наурыздың 18-нде департаменттің жеке құрамы рейдтік іс-шаралар кезінде мас күйінде мұздан өтпек болып, суға кеткен 1992 жылғы азаматты байқап, құтқарып қалды. Соның алдында Құрманғазы ауданындағы Шора өзенінде төрт баланың мұз астына түсіп кеткен жерінен біздің құтқарушылар аман алып қалған болатын.

«АЖ» сауалы:

- Су бөгеттерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр ма?

- Өткен жылы бюджеттен бөлінген қаражатқа Құрманғазы ауданында 31,5 шақырым болатын бөгеттер қалпына келтірілді. Махамбет ауданының Алға ауылында 2 шақырым бөгетті қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

- Жұқарған мұз үстінде балық аулап жүргендер бар. Олар қаншалықты бақылауда?

- Мұз үстіндегі балықшыларға тыйым салу біздің құзырымызға жатпайды. Сол себепті департаментпен рейдтік іс-шаралар кезінде балықшыларға тек қауіптілігін айтып, ескертулер жасалады. Бірақ, көп жағдайда балықшылар тыңдамайды ғой…

Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Рашид БІЛӘЛОВ жылу беру маусымында облыс аумағында 25 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген 109 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 8 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алған. Сондай-ақ, осы уақытта  20 адам табиғи газбен уланған болса, онын 13-і балалар.



Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Фото және видеоны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

20 наурыз 2018, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.