Атырау, 26 қараша 11:27
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Көпірдің астымен емес, үстімен өтіңіз

Сурет
2 866 просмотра

Күн жылынды, алайда кәнігі балықшылар Жайықтың мұзы балық ауларларын қояр емес. Тұрғындар да көпірмен өтуді алыссынып, мұз үстіндегі зырғанақ соқпақпен жүріп, тез жеткенді қалайды.

9 наурыз күні жол талғамайтын көлік Еркінқала поселкесі маңында мұз ойылып, суға түсіп кетті. Атырау облыстық ТЖД хабарлағандай, оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген. Кейін көлікті құтқарушылар сүйреп шығарған. Жыл басынан бері қала аумағында 2 және Құрманғазы ауданында 1 көлік мұзға түсіп кеткен.

Куәгер түсірген сурет
ТЖД мәліметтеріне сәйкес, қазіргі таңда қала аумағындағы өзен мұзының қалыңдығы 20 см шамасында, алайда осал, күн сайын жұқарып жатыр. Сақтансаң, сақтармын деген.


Фархат ӘБІЛОВ 

Суретті  түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

12 наурыз 2018, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.