Атырау, 26 қараша 11:50
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Күйе жаққысы келетіндердің ісі»

Бейнежазба
4 084 просмотра


20 ақпанда Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВА брифинг өткізіп,  журналистердің сұрақтарына жауап берді.

АЖ сауалдары:

- Бүгінде бір сыныпта 30-35 оқушы білім жатыр. Келесі оқу жылында бұл мәселені қалай шешпек ойларыңыз бар? Жаңа мектептер салына ма, әлде қайтадан 6 күндік оқыту жүйесіне көшесіздер ме?

- Алты күндік оқыту жүйесі болғанда да 30-35 оқушыдан болды, қазір де сол жағдай. Бес күндік оқытудың бала санына ешқандай қатысы жоқ: қаламызға көрші облыстардан көшіп келушілер көп.  Қаланың тоғыз мектебінде үш ауысыммен оқытылып, сыныптар оқушыларға лық толы. Бұл мәселені шешу жаңа мектептердің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып жатыр. Енді республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі шешілмек. Ал, жалпы бес күндік оқыту жүйесі келер жылы да жалғасады.

- Облысымызда қатерлі дертпен ауыратындарға дәрілер тегін беріледі, бұған қанша қаржы бөлінді. Егер ол дәрілер таусылса, дер кезінде қаржыландыру ұйымдастырыла ма?

- Онкологиялық ауруханада ем алып жатқандар мен есепте тұрған адамдар қымбат дәріні бұған дейін тегін алып келді және солай бола береді. Кей кезде «дәріміз бітті» деген әңгімені естіп қалып жатамыз. Тіпті, басқа дәрілерді тегін берілуін талап етіп жататын науқастар бар. Әрбір нормативтік құжатта таусылуға жақындаған дәрілер екі ай бұрын сатып алынады. Биыл дәрілерді сатып алуға республикалық бюджеттен 305 миллион теңге қаражат бөлінді.

Брифингте журналистер әлеуметтік желіде дау болған Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түсуге дайындыққа арналған «Қазақ тілі» тестілеу кітабына МС Сайлаубекке қатысты қойылған сұрақтар туралы сұрады.

- Осыған ұқсас мәселе бұған дейін де бірнеше рет орын алды. Тексеріп келгенде ақпарат жалған болып шықты. Менің ойымша, бұл жағдайлар білім және ғылым министрлігі мен білім беру саласына күйе жаққысы келген жекелеген топтар мен адамдардың ісі болса керек. Егер осындай жағдай бізде орын алатын болса, мен тез арада анықтауға Тапсырма беремін. Оқулықтар миллиардтап басылып жатыр, ал соның ішінде ең болмағанда біреуінен қателік кетуі мүмкін ғой! Бір ғана кітапта кездескен қателікті тауып, министрлік жұмысын сынға алудың қажеті жоқ.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА 

Сурет пен видеоны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

21 ақпан 2018, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.