Атырау, 12 қаңтар 05:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Атырауда бомба қойылғаны туралы хабарламаны тексеру бойынша операция жүріп жатыр

Толықтырылды Сурет Бейнежазба
3 691 рет қаралды

Атырау орталығының оң жақ жағалауында облыстық ІІД-нің оперативтік топтары жұмыс жасап жатыр. Бейресми мәліметтерге сәйкес, бүгін, 18 мамырда, түске дейін полицияға осы аудандағы дүкендердің біріне бомба қойылды-мыс деген хабарлама келіп түскен. Махамбет-Гурьев және Махамбет-Тельман көшелері қиылысындағы тұрғын үй кварталы қоршауға алынды. Полиция осы аумақтағы барлық дүкендерді тексеріп жатыр.

Бомба туралы ақпарат жалған болып шықты.

Қоршау сағат 13.45-те алынып тасталды. Бұл уақытта күдікті ұсталған болатын. «Насиха» сауда орталығындағы дүкендердің бірінде сөмкеге салынған бомба туралы қоңырау күндізгі сағат 11.00-де түсті деп хабарланды.

Атырау облыстық ІІД қандай да бір комментарий бермей отыр, баспасөз қызметінің жетекшісі Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА Қылмыстық кодекстің 273-бабы («Терроризм актісі бойынша көрінеу жалған хабарлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын ғана хабарлады.  



Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суреттер мен видеоны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ  

18 мамыр 2018, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.