Атырау, 26 қараша 07:05
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ескерткіштерді кім қорғайды?

Сурет
6 572 просмотра


Мұнайлы астана көшелеріндегі тарихи тұлғаларға арналған бірқатар мәдени ескерткіштердің күтімі жетіспей тұр. Бүгінде бұлардың көгершін мен басқа да құстардың саңлығына былғанып тұрғаны қаланың келбетіне сын. «АЖ» тілшісі бұларды ластанудан қорғаудың жолдары туралы ізденді.

Атырау облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі инспекциясы директорының орынбасары Фархат БАЙДӘУЛЕТОВТІҢ айтуынша, қала орталығындағы мәдени ескерткіш мүсіндердің күтілуіне қала әкімдігі жауапты. Мүсіндерді жуып тазалауды «Арнаулы автобаза» мекемесі жүзеге асырады.

- Жыл сайын күтім жұмысына қаржы қарастыруға ұсыныс бергенімізбен әлі күнге шешім болмай келеді. Ал, егер сынып бұзылып қалатын жағдай болса, біз облыстық бюджеттен қаржы бөлгіземіз.

Биыл қыс мезгілінде тұрғындар ықшам ауданында тұрған М.И.Кировтың мүсіні кеудесінен бөлініп қирап қалды.  Оны жөндеуге қаржы бөлінді ме?

- Кеңес заманының тұлғаларына арнап қойылған ескерткіштер 2010 жылы облыс әкімінің қаулысымен облыстағы ескерткіштер тізімінен шығып қалды. Сондықтан облыстың есебінде жоқ ол ескерткіштерді жөндеп қалыпқа келтіруге қаржы бөлінбейді. Егер демеушілер қолдау көрсетеміз десе оған қарсы емеспіз.

Жалпы, адамдар осындай ескерткіштер, түрлі құрылғылар мен ғимараттардан құстарды қуудың көптеген әдістерін ойлап тапқан. Мысалы, Ресей қалаларының бірінде бірнеше жыл бұрын Тарас Шевченко атындағы вокзал ғимаратының шатырына қарғалар қоныс тепкен. Бұл, біріншіден, ғимарат түрін бұзса, екіншіден, лас болды. Ғимарат әкімшілігі бұдан құтылу үшін шатырға жыртқыш кейпіндегі батпырауық байлап қойды. Сол кезден бастап қарғалар вокзал шатырына қонуды доғарып, кейін мүлдем келмей қойды.


Тағы бір әдіс – торға түскен құстардың аянышты дыбыстары жазылған дыбыстық аппараттар. Ескерткішке қарғалар немесе көгершін қонған кезде, аппарат қосылып, қатты дыбыс шығарады да, құстар ұшып кетеді. Осындай бірнеше «концерттен» кейін қанаттылар бұл аймақтан мүлдем кетеді. Иә, Атыраудағы ескерткіштерді қорғау мәселесі бар, шешімін де табуға да болады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Суретті түсірген автор

2 мамыр 2018, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.