Атырау, 4 ақпан 21:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

Оқиға

Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Ақтөбе облысындағы автобуста 52 адам өртенген қайғылы оқиғадан кейін ел бойынша жедел-алдын алу шаралары алынуда. Алғашқы күні-ақ, Атырау облысында автобус жүргізушілеріне қатысты 105 хаттама толтырылды, соның ішінде, көлік рөлінде телефон арқылы сөйлескен 15, жылдамдықты арттырған 9 жағдай тіркелді. 25 қаңтар 2018, 00:00 3 101 рет қаралды
Балықпен айналысқан төртеу "қармаққа" түсті Оқиға

Балықпен айналысқан төртеу "қармаққа" түсті

16 қаңтар күні Атырау облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ұзақ уақыт бойы бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулаумен айналысқан 1981, 1983, 1985 және 1987 жылы туған Атырау қаласының төрт тұрғынын ұстады. Бейнежазба 18 қаңтар 2018, 14:04 5 423 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Қарашаның 26-да тал түсте жаяу көпір жанынан бір айдан бері іздестіріліп жатқан әйел адамның мүрдесі қалқып шықты (қазанның аяғында Атырау тұрғыны балабақшада тәрбиеші болып жұмыс жасайтын әпкесінің жоғалғандығы туралы полицияға хабарлаған болатын). Сараптама тағайындалды. 30 қараша 2017, 00:00 3 844 рет қаралды
Вокзал маңындағы кафеде кісі өлімі болды Оқиға

Вокзал маңындағы кафеде кісі өлімі болды

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 19 қарашада Привокзальныйдағы «Арба» кафесінде сағат 05.30-те 1991 жылғы ер адам 39 жастағы Ақтау тұрғыны Г.Иванға пышақ ала жүгірген. Медиктердің айтуынша, ол 50 шақты пышақ жарақатын алып, сол жерде көз жұмған. 23 қараша 2017, 15:20 4 578 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Құлсарыда 33 жастағы жүргізуші 51 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жүргінші көз жұмды. ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиеваның айтуынша, осы іс бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша қылмыстық іс көтеріліп, сараптама тағайындалған. 22 қараша 2017, 12:28 2 946 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Атырауға астрахандық көлік полицейлері келді. РФ ІІМ Астрахан желілік бөлімі бастығының орынбасары Илья Краснов атап өткендей, жыл басынан бері Ресей аумағына Қазақстаннан 2 мыңнан астам жүк пойыздары келген. ҚР аумағына тасымалданатын жүктердің ұрлану оқиғасы орын алмаған. 16 қараша 2017, 00:00 2 730 рет қаралды
Түнгі шай опық жегізді Оқиға

Түнгі шай опық жегізді

Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ хабарлағанындай, ҚР ҚК-ның 188-бабы («Ұрлық»), 191-бабы («Тонау») және 200-бабы («Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») бойынша Атыраудың төрт тұрғыны ұсталып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 8 қараша 2017, 11:16 4 347 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

29 қазан күні кешкісін Атырау-Доссор тас жолының Контейнерный ықшамауданы тұсында Геолог поселкесінің 70 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Газель» автокөлігі жолдан өтіп бара жатқан Өзбекстан азаматын қағып кетті. Жүргінші сол жерде қаза болды. Тергеу жүруде. Бейнежазба 2 қараша 2017, 00:00 4 042 рет қаралды
Түнгі қасапшылар Оқиға

Түнгі қасапшылар

Қазанның 12-сі күні түнгі сағат 3-терде облыстық жол-патрульдік полициясы Атырауға кіре берерде Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатты. Жеңіл автокөліктің жүк салғышының тым төмендеп, жер сызып бара жатқаны қырағы полицейлердің күдігін туғызған. Тексерген кезде жүк салғыштан құжаты жоқ үш сиырдың еті, арқан, балта, пышақ табылған. 13 қазан 2017, 15:03 3 818 рет қаралды
Түнгі атыс Оқиға

Түнгі атыс

10 қазанда түнде шекарашы офицер Атырау облысының теңіз жағалауындағы Дамбы поселкесінің тұрғындарынан қорғанып, «Калашников» автоматынан ауаға және жерге 30 рет оқ атқан. Ал таңертең облыстық ауруханаға аяғына оқ тиген жарақатпен ер адам медициналық көмек алуға жүгінген. Қазір оның түнгі оқиғаға қатыстылығы тексерілуде. 11 қазан 2017, 10:31 5 507 рет қаралды
Табыс табуға келіп, қылмыскер атанды Оқиға

Табыс табуға келіп, қылмыскер атанды

Қарақалпақстан тұрғыны, 44 жастағы Дилшадбек ХУСНЕТДИНОВ өз жерлесін өлімші етіп сабап тастады. Өзбекстаннан Атырауға табыс табуға келген ол бұл жерде Р.УТЕМУРАТОВАМЕН бірге тұрған. Спирттік ішімдікті жиі ішетін олардың бұл отырыстарының соңы ұрыс-керіспен аяқталады екен... 26 қыркүйек 2017, 17:05 3 281 рет қаралды
Полиция емес, қарақшы болды Оқиға

Полиция емес, қарақшы болды

Атырауда «Ломбард-Жедел ақша» мекемесін тонау туралы ақпаратта күдікті бұрынғы полиция қызметкері екендігі хабарланған болатын. Бұған қатысты Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА комментарий берді: 11 қыркүйек 2017, 19:42 9 061 рет қаралды
Төраға орынбасары айыппұл жазасын алды Оқиға

Төраға орынбасары айыппұл жазасын алды

Сот «Атырау» ӘКК Ұлттық корпорациясы» АҚ басқармасы мүшелерінің бірі – төраға орынбасары Жанмұрат ЕСЖАНОВҚА қатысты үкім шығарып, мүлкін тәркілеумен қатар, ҚР ҚК-нің 361-ші («Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану») және 369-шы («Қызметтік жалғандық жасау») баптары бойынша 1,3 млн теңге мөлшерінде айыппұл жазасын кесті.   29 тамыз 2017, 22:25 3 999 рет қаралды
Достарымен бірге қаруланып келген Оқиға

Достарымен бірге қаруланып келген

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты ҚР ҚК-нің 99-шы («Бұзақылық ниетпен адам өлтіру»), 287-ші («Атыс қаруын заңсыз сақтау») және 434-ші («Қылмыс туралы хабарламау») баптары бойынша үкім шығарды. 25 тамыз 2017, 16:16 3 201 рет қаралды
Букмекерлік кеңседе оқ атқандар жазаланды Оқиға

Букмекерлік кеңседе оқ атқандар жазаланды

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты биылғы жылдың ақпанында Құлсары қаласындағы букмекерлік кеңсеге келушілерге шабуыл жасаған Жылыой ауданының үш тұрғынына үкім шығарды. 15 тамыз 2017, 10:37 2 913 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Атырау әкімшілік соты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша іс қарады. №4 бағытта жүретін автобус жүргізушісі М. «Абай алаңы» аялдамасының жанында жолаушылардың бірімен жанжалдасып, оған балағат сөздер айтқан. Сот қаулысымен М. кінәлі деп танылып, оған 22 690 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 3 тамыз 2017, 00:00 2 481 рет қаралды