Атырау, 5 желтоқсан 12:53
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қалтасы қалың жолаушы

2 913 рет қаралды

Атыраудан Түркияның Антальясына ұшып шыққан рейс жолаушысы декларацияда көрсетілмеген ақшаны алып өткені үшін миллионнан астам теңге мөлшерінде айыппұлмен жазаланды.

9 маусымда Атырау халықаралық әуежайында №484 «Атырау – Анталья» халықаралық рейсін рәсімдеу кезінде Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері шекарашылармен бірлесіп 27 жастағы А.А.-дан жасырылған 103 300 АҚШ долларын тауып алды.

Сотқа дейінгі тексеру барысында заң бұзушы өз кінәсін толық мойындап, іс жүргізу келісімін жасады. №2 Атырау соты оны ҚК 234-бабы («Экономикалық контрабанда») бойынша кінәлі деп танып,  жасырылған ақшалай соманы тәркілеусіз, 500 АЕК (1 млн 134 мың 500 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

30 тамыз 2017, 13:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.