Атырау, 29 наурыз 20:42
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Вокзал маңындағы кафеде кісі өлімі болды

4 340 просмотра


Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 19 қарашада Привокзальныйдағы «Арба» кафесінде сағат 05.30-те 1991 жылғы ер адам 39 жастағы Ақтау тұрғыны Г.Иванға пышақ ала жүгірген. Медиктердің айтуынша, ол 50 шақты пышақ жарақатын алып, сол жерде көз жұмған.

Марқұм Атырауға Астраханнан үйіне қарай кетіп бара жатып жолай соғыпты. Ол сол жақта оқыған екен. Оған шабуыл жасаған Қырғызстан тұрғыны да біздің қаламызға сол күні алғаш рет келіпті. Оқиға себебін әзірге ешкім атай алмай отыр. Пышақ салған жігітті қылмыс орнында ЖІІБ қызметкерлері ұстап, ол кейінірек тергеу абақтысына қамалды. Бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ол қазақстандық криминалдық база есебінде жоқ, ІІД тергеу басқармасы Қырғызстанға сұраныс жолдады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

23 қараша 2017, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.