Атырау, 2 мамыр 05:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Баламен бөтелкелес болған

2 810 рет қаралды


Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК 131-бабы бойынша («Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейін жеткізу») әкімшілік іс қаралды.

4 шілде күні сағат 22-де полиция Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылының азық-түлік дүкенінің жанынан өзінің 15 жастағы туыс інісімен сыра ішіп отырған ауыл тұрғынын ұстайды. Медициналық-наркологиялық сараптама баладан жеңіл дәрежедегі масаңдықты анықтайды. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, құқық бұзушыға бір тәулікке қамау әкімшілік жазасы тағайындалған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 қыркүйек 2017, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.