Атырау, 17 мамыр 09:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 784 просмотра


Құлсарыда 33 жастағы жүргізуші 51 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жүргінші көз жұмды. ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиеваның айтуынша, осы іс бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша қылмыстық іс көтеріліп, сараптама тағайындалған.

                                                                   *****

Қалалық №2 сот азамат К.Л-ны ҚР ҚК 190-бабының 4-тармағының 2-тармақшасы («Аса ірі мөлшердегі алаяқтық») бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сотта оның кәсіпкер әйелдің жүргізушісі болған кезде, әйелдің ауруханаға инсульт болып түскенін пайдаланып, құқыққорғау органдарындағы таныстары арқылы әйелге тиесілі құны 6,7 млн теңге «Тойота» көлігін өз атына заңсыз рәсімдеп алғандығы анықталды. Бұдан басқа, прокуратура осы іске полиция қызметкерлерінің қатысы бар-жоғын тексеруде.

                                                                    *****

Қызылқоға аудандық соты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 5-тармағы («Бір жыл ішінде қайталап жасалған, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша азамат Н-ға қатысты істі қарады. Хаттама толтырған офицердің құжаттарды сот арқылы тек бір айдан кейін ғана жолдағаны анықталды. Алайда ол 3 күн ішінде жолдануы тиіс болатын. Сот жергілікті полиция қызметі басшылығына жеке қаулы жолдады. 

                                                                    *****

Құрманғазы аудандық сотында С.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-тармағы («Абайсызда кісі өліміне әкеп соққан жол жүрісі ережесінің бұзылуы») бойынша қылмыстық іс қаралды. Биылғы жылдың тамызында ол Ганюшкин ауылында «Тойоте Ипсум» көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ол көз жұмған. Сотталушы мен прокурор арасында кінәсін мойындау туралы келісім жасалып, сот С.-ны 2 жылға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасына кесті. 

                                                                     ***** 

  Атырау қ. әкімшілік соты «3009z6» маркалы көлігімен Сарықамыс ықшамауданында лабрадор тұқымды итті қағып кетіп, оған дене жарақатын салған А.-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 610-бабы («Жүргiзушiлердiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы») мен 611-бабының 2-тармағы («Жүргізушінің жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы») бойынша істі қарады. Ол кінәлі деп танылып, 1 жыл 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылды.

22 қараша 2017, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.