Атырау, 29 наурыз 01:14
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Түнгі шай опық жегізді

4 001 просмотра


Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ хабарлағанындай, ҚР ҚК-ның 188-бабы («Ұрлық»), 191-бабы («Тонау») және 200-бабы («Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») бойынша Атыраудың төрт тұрғыны ұсталып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Тергеу жорамалына сәйкес, олар өткен айда қаланың шет жағындағы май құю бекетін тонаған. Бекетте жұмыс жасайтын қызметкерлер түнгі 2-лерде ұйқыны қашыру үшін ұйымдасып шай ішетін болған. Бұл дағдылы әдетті сонда жұмыс жасайтын жігіттер жақсы білген. Түн жарымда бекетке келіп, екеуі тыста қалып, үшіншісі шай ішуге бір бөлмеге жиналғандардың сыртынан кілттеп, кассадағы бар ақшаны – 750 мың теңгені жымқырып кетеді.

Тергеу кезінде бұл жігіттердің 1995 және 1996 жылғы қала тұрғындары екені анықталды. Және олардың басқа да әртүрлі құқықбұзушылықтарға қатысы бар болып шықты: екі жеңіл көлікті қала сыртына айдап кетіп, бар затын тонап, машинаны айдалаға тастап кеткен. Бұдан бөлек, жеңіл көліктердің терезесін сындыру арқылы салондағы магнитофон және басқа да заттарды тонап кетіп отырған.  Олар пәтер ұрлығына да қатысы бар деп күдіктелуде.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 қараша 2017, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.