Атырау, 5 желтоқсан 12:53
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Түрме қызметкерлерінің үстінен іс қозғалды

2 852 рет қаралды


Атырау қаласының №2 сотында УГ-157/9 мекемесінің қызметкерлері Е.А. мен Д.Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

Сот алды тергеу алаяқтық үшін жазасын өтеп жатқан сотталушылардың бірінің арызы негізінде басталған. Ол колонияның екі қызметкерін өзін соққыға жықты деп айыптаған болатын.  

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінде хабарлағандай,  қылмыстық іс сотқа ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-тармағы 1-тармақшасы («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») және 370-бабының 2-тармағы («Қызметтегi әрекетсiздiк») бойынша жолданған.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

2 тамыз 2017, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.