Атырау, 5 желтоқсан 12:54
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Төраға орынбасары айыппұл жазасын алды

3 976 рет қаралды

Сот «Атырау» ӘКК Ұлттық корпорациясы» АҚ басқармасы мүшелерінің бірі төраға орынбасары Жанмұрат ЕСЖАНОВҚА қатысты үкім шығарып, мүлкін тәркілеумен қатар, ҚР ҚК-нің 361-ші («Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану») және 369-шы («Қызметтік жалғандық жасау») баптары бойынша 1,3 млн теңге мөлшерінде айыппұл жазасын кесті.  

Бұл туралы Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті хабарлады. Есжанов өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды жұмыс атқару құқығынан айырылды.

Қылмыстық істегі басты эпизод - Атырау облысының тұрақтандыру қоры үшін 8,4 млн теңге сомада 15 тонна жарамсыз құс етін қабылдау-беру жөніндегі көрінеу жалған актіге қол қою болатын. ӘКК қызметкерлерінің істері түрлі өндіріске бөлінгендіктен, сотқа дейінгі тергеу ісі әзірге тек Есжановқа қатысты аяқталды. Бұдан бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлағандай, «азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезіндегі лауазымдарын теріс пайдалану фактілері бойынша» бұрынғы төраға Абат ТАСИМОВ бастаған ӘКК қызметкерлерінің тобына қарсы тергеу жұмыстары басталды.

Абат Тасимов (сол жақтағы екінші) депутаттар алдындағы облыс әкімінің соңғы есебінде
Бүгінгі күні Тасимовтың мәртебесі, оған қандай айып тағылып отырғаны (жалпы, айып тағылған ба) белгісіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер тергеу құпиясына сілтеп, комментарий беруден бас тартты. Бұрынғы басқарма төрағасынан комментарий алу мүмкін болмады, оның телефоны ажыратулы болды. Біздің мәліметіміз бойынша, Тасимов тергеу басталған бойда өз қалауымен жұмыстан кеткен. Бірақ облыстық мәслихаттың депутаты ретінде әкімдіктегі бүкіл жұмыс отырыстарына қатысуды жалғастыруда.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА


29 тамыз 2017, 22:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.