Атырау, 5 желтоқсан 12:53
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қой ұрлағандар "қораға" кірді

5 285 рет қаралды
көрнекі сурет


Махамбет ауданында мал ұрлығымен айналысқан үш жігіт ұсталды.

Олар маусым, шілде айларында жергілікті шаруа қожалықтарының біріне ұрлыққа түскен. Қараңғы түнді жамылған екі жігіт мал қораға кіріп, қойларды айдалаға айдап кетеді. Алдын ала келісілген жерде оларды үшіншісі жүк көлігінің ішінде күтіп отырады. Ұрланған малды Атырауға апарып, базардағы бағасынан төмен бағаға сатқан. Жалпы, қылмыстық топ жиырмадан астам қой ұрлаған.  

Махамбет ауданы прокурорының орынбасары Жасталап УРАКОВТЫҢ айтуынша, осы ұрлыққа қатысы бар деген 21-23 жастағы үш күдікті де ұсталып, ҚР ҚК 188-бабы 2-тармағы бойынша («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлығы»)соталды тергеу жүргізілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА   

24 шілде 2017, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.