Атырау, 5 желтоқсан 12:53
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Оқиғалар тізбегі

2 697 рет қаралды


Облыстық ТЖД-ның хабарлауынша, Қызылқоға ауданының Ойыл ауылдық округінде 10 қаңтарда бір отбасы газдан уланып қалған. 69 жастағы әйел адам қайтыс болып, оның 40 жастағы ұлы І топ мүгедегі ауруханаға жеткізілді.

Сағыз теміржол станциясында белгісіз жағдайда 19 жастағы қыз Атырау-Алматы жолаушылар пойызының астына түсіп, аяғынан айырылды. Қазір облыстық аурухананың дәрігерлері оның өмірі үшін күресуде.

Теңіз вахталық поселкесінде 14 қаңтарда «Интеграл» ЖШС жатақханасында өрт оқиғасы орын алды. Өрттен қашқан екі қызметкер екінші қабаттың терезесінен секіріп, жарақат алды, екеуі де ауруханаға жатқызылды. Жатақхана түгел өртеніп кетті.

18 қаңтар 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.