Атырау, 29 наурыз 11:46
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қараңғыда қағып кетті

3 898 просмотра


7 қарашада кешкісін қала маңындағы Көктем ықшам ауданының Атырау-Индер трассасында жеңіл көлік жүргізушісі 18 жастағы жігітті қағып кетті. Зардап шегуші ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

Жас жігіт Қызылқоға ауданынан келген, Атыраудағы колледждердің бірінде оқыған екен. Туыстарының үйінде тұрған жігіт техникалық маман болуға дайындалып жүріпті.

Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА:

7 қарашада сағат 20:24-те 102 пультіне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті: «Фольксваген Пассат» көлігін жүргізген 1999 жылғы жүргізуші 18 жастағы жігітті қағып кеткен. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалды.

Куәгерлердің айтуынша, жігіт автобустан түсіп, жолдан өтіп бара жатқан кезде көлік қаққан. Қала маңындағы ықшамаудан мен ауыл тұрғындары әкімдікке жол бойында жарық жоқтығына және жаяу жүргіншілер өткелінің жоқтығына бірнеше рет шағымданған.

Фархат ӘБІЛОВ

8 қараша 2017, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.