Атырау, 5 желтоқсан 12:53
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Достарымен бірге қаруланып келген

3 166 рет қаралды

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты ҚР ҚК-нің 99-шы («Бұзақылық ниетпен адам өлтіру»), 287-ші («Атыс қаруын заңсыз сақтау») және 434-ші («Қылмыс туралы хабарламау») баптары бойынша үкім шығарды.

Сотта анықталғандай, Жылыой ауданының Жаңа Қаратон поселкесінің тұрғындары К. мен М. арасында жанжал туындап, «мәселені шешу» үшін олардың поселке шетінде кездесуді ұйғарған. К. кездесуге үш досымен бірге шолақ мылтық ала келген. К. әй-шайға қарамай М.-ға оқ ата бастаған. М. ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмады. Ал К. достарымен бірге қылмыс орнынан кетіп қалған.

Сот К.-ға 16 жылға қатаң режимдегі колонияда бас бостандығынан айыру, ал оның үш досына 3 жылға бас бостандығын шектеу үкімін шығарды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 тамыз 2017, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.